2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. Мұндағы негізгі міндет – сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету; жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру; әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Бұған дейін елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың екі кезеңі өтті. Мемлекеттік қызметшілер мен теңестірілген тұлғаларға, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен жұбайлары декларация тапсырды. Науқан кезінде барлығы 2,6 млн адам қамтылған.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларациялаудың үшінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нұсқа) алғаш рет заңды тұлғалардың құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары (ЖШС, ЖК, АҚ иелері мен жұбайлары) тапсырады. Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатса немесе есеп өткізбесе де, декларация тапсыру керек. Сонымен қатар, жалпыға бірдей декларацияда бағасы 1000 АЕК-ден (3 692 000 теңге) асатын құнды заттарды да көрсету қажет. Шымкент қаласы Қаратау ауданы кәсіпкерлерін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00) уақытылы және сапалы тапсыруға шақырмыз.
Қуаныш БИМЕНОВ,
Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және
камералдық мониторинг бөлімінің басшысы