ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ КӘСІБИ ДАҒДЫНЫ ДАМЫТАДЫ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 72 раз

Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі дуальді оқыту жүйесі бойынша көптеген серіктестерімен бірігіп, студенттерді фабрикаларға кәсіптік тәжірибеден өтуге жібереді. Студенттер фабриканың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, тәжірибе жинақтайды.

 

Дуальді оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Студенттер оқу мерзімінің үштен бір бөлігінде колледжде базалық білім алса, қалған бөлігін білім беру кәсіпорнында өткізіп, тәжірибе жинайды. Мұндағы мақсат – алғашқы күннен бастап жұмысқа етене араласып, оны кәсіби деңгейде орындайтын маман даярлау. Сонымен қатар, дуальді білім беру жұмыс берушілердің сұранысына сай маман қалыптастыруды көздейді.
Болашақ мамандарды даярлауда өндірістік іс-тәжірбие маңызды кезең. Ол студенттердің теориялық білім курсын тәжірибе барысында бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып, игеріп отырған кәсібімен жақын таныстырады. Өндірістік тәжірибеде бекітілген оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес, колледж студенттері тігін фабрикасындағы барлық операцияларды орындап үйренеді. Колледж бітіргенен кейін өндірістік тәжірибеден өткен кәсіпорындарға жұмысқа орналасып кетуіне жағдай жасалған.
Жеңіл өнеркәсіптерді дамыту халық жағдайын жақсартуға зор ықпал тигізеді. Жалпы, тігін өндірісінің мақсаты – адамдарды сапалы және кең көлемде киіммен, тұрмыстық бұйымдармен қамтамасыз ету. Ал, тігін тігу –дәлдікті, шыдамдылықты және шығармашылықты қажет ететін мамандық. Қазіргі таңда елімізде жеңіл өнеркәсіп саласы, оның ішінде тігін кеңінен дамып келеді. Тігін цехтары заманауи тігін қондырғыларымен, арнайы мамандандарылған компьютерлік машиналармен жабдықталған. Колледждің 3 курс, 141 топ студенттері өндірістік тәжірибеден жақында ашылған ЭКО ФАРМ тігін фабрикасында өтіп жүр. Фабрика Жапон елінің автоматтандырылған компьютерлік тігін машиналармен, лазерлі мата пішу машинасымен жабдықталған. Жұмысшыларға еңбек талабына сай жағдай жасалған. Кәсіпорын әр түрлі сала жұмысшыларына арнайы қызметтік киім, әскерилерге, денсаулық сақтау, білім саласының мамандарына арнап сапалы және ыңғайлы киіммен қамтамасыз етіп отыр. Тұтынушылар сұранысын қамтамасыз ету үшін фабрика жұмысшыларына студенттердің көмегі зор. Ал, фабрика колледж студенттерінің кәсіби дағдыларды игеруіне көп мүмкіндік беруде.

Гүлжанар ХАЛЫҚОВА,
Жеңіл өнеркәсіп және
сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері, арнайы пән оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.