Жаңа тәртіппен 600-ден аса науқас қаралды

Пятница, 14 Апрель 2023 07:02 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 626 раз

600-naukas

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) —денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігіне кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) — ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында 2023 жылдың 1 наурызындағы дерекке сәйкес, МӘМС-пакеті бойынша 36 азамат емделіп, ал ТМКК-нің жаңа моделімен 609 науқас қаралған.

Атап айтқанда, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында науқас Н.Л.А-ға (аты-жөнін толық атаудан бас тартты-авт.) медициналық көмек көрсетілді. Шымкенттік науқас ағзасындағы жалпы әлсіздік, салмақ тастау, асқазан тұсының ауырсынуы, гормондық бұзылыстар жайлы баяндап, шағымданды. Онкологиялық орталықтың жоғары тәжірбелі онкохирург Е.Байтемір барлық қажетті талдауларға, КТ, МРТ, онкоцитологияға жолдама беріп, сараптама нәтижесіне қарай науқастың диагнозын анықтады. Сөйтіп, науқасқа әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ота жасалып, емдеу шаралары тегін жүргізілді. Пациенттің   қазіргі жағдайы жақсы. Науқас орталықтың барлық дәрігерлеріне көрсетілген көмектері үшін ризашылығын білдірді.

Соңғы жылдары онкологиялық аурулар, ең өткір медициналық және әлеуметтік мәселелер арасында патологияның алдын-алу және ерте анықтау мәселелерін тудырады.

 

Ахмет БЕДЕН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы,
Жақсылық МӘУЛЕНОВ, Шымкент қалалық онкологиялық орталықтың директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.