«Арланның» аты озды

Среда, 01 Июнь 2016 11:17 Автор  Опубликовано в Спорт Прочитано 4433 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің қызметкерлері арасындағы дәстүрлі Спартакиада ойындары мәреге жетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды. Шымкент қаласы әкімінің аппараты мен мәслихаты, аудан әкімдіктері мен құрылымдық бөлімдерден құралған командалар спорттың сегіз түрінен сайысқа түсіп, салауаттылықты насихаттады.

13336115 1734565323463867 1344802744014189109 n

Бәрінің де жеңіске деген құлшынысы қуантады. Мамырдың 14-28 аралығында өткен спорт бәсекесінде мемлекеттік қызметкерлер кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, дойбы, шахмат, арқан тарту, жеңіл атлетика және қол күресінен күш сынасты. 11 команда өкілдері де тыңғылықты дайындалғанын байқатты.

Спартакиаданың қорытындысында жалпы есепте «Арлан» командасы (Спорт, мәдениет, ішкі саясат, білім бөлімдері) бірінші орынды иеленді. «Бәйтерек» (жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдері) екінші орынға жайғасса, үшінші орын «Достық» (Абай ауданы әкімдігі) командасына бұйырды.

Әр спорт түрінен үздік шыққан командаларды айта кетсек, жеңілатлетикадан – Еңбекші ауданы, қол күресінен – «Арлан», арқан тартудан – «Достық», футбол және волейболдан мәслихат, үстел теннисінен «Арлан» және шахматтан «Орда» (Шымкент қаласы әкімі аппараты) командасы озды.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келген дәстүрлі турнир осылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.