АНАҒА ТАҒЗЫМ – ҰЛТҚА ҚҰРМЕТ Избранное

Среда, 15 Май 2024 06:22 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 253 раз

Биыл елімізде тұңғыш рет Аналар күні аталып өтті. Өткен жылы мерекелік күндер тізбесіне «Аналар күні» және «Әкелер күні» дейтін қос мереке енгізілген болатын. Осыған орай Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, ал Әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде мерекеленеді. Биылғы Аналар күні 12 мамырға тура келді.

Ana

 

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.
Осынау айтулы күнге орай С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде Аналар күні мен Халықаралық отбасы күніне арналған «Анаға тағзым» форумы өтті.
Форум аясында күйзелісте жүрген аналарға қолдау көрсетіп, психологиялық кеңес беру жоспарланған. Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығынан келген психологтар мен қалалық Ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Асыл әжелер» тобының мүшелері форумға белсенді дайындалыпты. «Даналық» мектебі негізінде құрылған «Аналар», «Әжелер», «Қыздар», «Жеңгелер» клубтары да осы жиынға атсалысты.
– Мектебімізде тәжірибелі психологтар жұмыс істейді. Әр апта сайын тәрбие сағаттарында сынып жетекшілері жылдық жоспарға сәйкес ашық сабақтар өтеді. Балалар бір-бірімен достық қарым-қатынаста болу үшін түрлі тренигтер, қызықты ойындар ұйымдастырылады. Ашық сабақтарға сынып жетекшісі ғана емес, мектеп басшылығы, ата-аналар да көмектеседі, – дейді директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Назира Анартаева.
Форумға Абай ауданы аналар кеңесінің төрайымы Бибіпатима Хамитбекова, «Бибі» аналар кеңесі төрайымының көмекшісі Сара Әбдірайымова және Жастар ресурстық орталығының психологы Аида Қалдыбаева қатысып, ата-аналар мен оқушыларға кеңестерін айтты.
Мамандардың пікірінше, отбасылық мәселелер мен қоғамда болатын түрлі жағдайларды дер кезінде тоқтату үшін мұндай шаралар жиі ұйымдастырылуы керек.

Г.БАЖАҚАЙ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.