ИНФЛЯЦИЯ ҚАУПІН АЗАЙТУДЫҢ ЖОЛЫ – ҚУАТТЫ ӨНДІРІС
Пятница, 11 Март 2022 04:17Соңғы жылдары елімізде баға тұрақсыздығы байқалғаны жасырын емес. Көптеген тауарлар қымбаттап, соның салдарынан халықтың сатып алу қабілеті төмендегені рас. Кешегі қаңтар оқиғасына да бір жағынан осы әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы себеп болғандай.
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА ҚОЛДАУ АРТПАҚ
Пятница, 04 Март 2022 03:46Шымкент қалалық білім, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары мен «Shymkent» ӘКК АҚ және Академик А.Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті «Техникалық мамандар кадрлық резерві» жобасын іске асыру бойынша өзара бірлескен меморандумға қол қойды.
ЖАТАҚХАНА САЛУ ТИІМДІ МЕ?
Среда, 02 Март 2022 05:05ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры
Алпамыс Сатыбалдин Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша жергілікті инвесторлармен кездесу өткізді.
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Пятница, 25 Февраль 2022 04:30Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының таратқан мәліметіне сүйенсек, былтыр 29,3 мың гектарға түрлі дақыл егіліп, 85,4 мың тонна өнім жиналған. Өз кезегінде басқарма тарапы жылдан-жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Оған мына статистикалық мәліметтер дәлел. Мәселен, биыл егіс көлемін 29,8 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 мың гектарға, ал 2019 жылға қарағанда 1,9 мың гектарға артық.
ЗАМАН ӨЗГЕРДІ, АССАМБЛЕЯ ДА ӨЗГЕРМЕККЕ НИЕТТІ
Пятница, 25 Февраль 2022 04:21Қазақстан халқы Ассамблеясы – елге керек қоғамдық-саяси институт. Бірақ, оның қызметін түбегейлі реформалау керек. Өйткені, Ассамблеяның осыған дейінгі қызметінің тиімді болмағанын кешегі қаңтар оқиғасы анық көрсетті.
Шымкент қаласына жасаған іссапарында ассамблеяның рөлі мен ұйымның келешегі жөнінде кеңес өткізген ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов осылай деді.
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІ
Среда, 23 Февраль 2022 05:16ұйытқы болатын істер қандай?
Абай ауданына қарасты қоғамдық бақылау кеңесі Нұршуақ шағынауданы тұрғындарының басын қосып сенбілік ұйымдастырды. Оған Абай ауданы әкімдігі қолдау білдірді.
ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ
Среда, 23 Февраль 2022 05:13Шымкент қаласының жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы басталды. Оған еліміздің әр өңірінен іріктелген 700-ден астам оқушы қатысуда. Байқаудың ашылу рәсімінде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева сөз сөйлеп, жас өрендерге сәттілік тіледі.
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
Пятница, 18 Февраль 2022 04:51Республикалық маңызға ие мегаполис мәртебесін алғалы Шымкенттің құрылыс саласы қарыштап дами бастады. Оның куәсі – бүгінде бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер мен басқа да түрлі нысандар.