ЖАҚСЫЛЫҚ ЕККЕН АЛҒЫС ОРАДЫ
Среда, 06 Апрель 2022 02:57Рамазан айының алғашқы күнінде Шымкент қаласы әкімдігі мен ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп «Рамазан қоржыны» қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған іс-шара аясында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға ауызашар есебінде азық-түлік себеттері таратылды.
ЭЛЕКТРОКАР – ЖАҢА ҒАСЫР КӨЛІГІ
Пятница, 01 Апрель 2022 04:57Нұрсұлтан Сейсембаев – Англияда оқып келген кәсіпкер жігіт. Мамандығы – инженер. Өзі басқаратын Berenmotors компаниясы электрокар, яғни электр көлігін құрастырады. Кәсіпкер Шымкенттегі М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясында 9-сыныпқа дейін оқыған. Кейін алдыңғы буын ағаларының жолымен оқуын ағылшын жұртында жалғастырған. Тұманды Альбион елінде Warwick жоғары оқу орнына түсіп, инженер мамандығы бойынша диплом алып шыққан. Әлі мектеп бітірмеген баласының Англияда оқимын деген шешіміне әке-шешесі қарсылық көрсетпей, керісінше, қолдау білдірген.
РАМАЗАН – ҚАЙЫРЫ МОЛ, САУАПТАР ЕСЕЛЕНЕТІН АЙ
Пятница, 01 Апрель 2022 04:44Биыл 2 сәуірден бастап күллі мұсылман жұрты Рамазан айында ораза тұтып, ауыз бекітуді бастайды. Бүкіл дүниежүзін әбігерге салған коронавирус дертінің салдарынан екі жыл қатарынан адамдар оразаны үйлерінде ұстап, мешіттер санитарлық талаптар аясында жамағатпен құлшылық рәсімдерін орындауда біраз шектеулерге барған болатын. Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты биыл мешіттер қалай қызмет атқармақ және жалпы оразаның Исламда алатын орын мен рөлі жайлы сауалдарға жауап алу мақсатында Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхаммеджан ЕСТЕМІРОВПЕН сұхбаттасқан едік.
СЕНАТОРЛАР – ЕЛ АРАСЫНДА
Пятница, 25 Март 2022 04:21ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында депутаттар Асар-2 шағынауданында тұрғындармен кездесіп, коммуналдық мәселелер бойынша жиналған жұрттың өтініш-тілектерін тыңдады.
Ашық дауыспен бекітіледі
Пятница, 18 Март 2022 04:43ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңы және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен үлгілік ережеге сай Шымкент қалалық мәслихаты құрған жұмысшы тобы қоғамдық кеңесті қалыптастыру жұмыстарын жүргізеді.
Көктемнің әр күні – жылға азық
Пятница, 18 Март 2022 04:42Биыл мегаполисте 29,8 мың гектар егіс алқабы игеріледі. Бұл былтырғымен салыстырғанда 500 гектарға артық. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбунасыр Жанбатыров мәлімдеді.
ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Среда, 16 Март 2022 04:40Шымкент қаласындағы «Достық» қонақ үйінде ерікті ұлттық шолуды талқылау және халықтың пікірін ескере отырып тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) басым міндеттерін айқындау бағытында семинар өтті.
Инвестиция – игергенге игілік
Среда, 16 Март 2022 04:35Әл-Фараби ауданы әкімдігі биыл экономика секторына тартылатын инвестиция көлемін былтырғы 25 млрд теңгеден 40 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте хабарлады. Брифинг барысында Рашид Мамытұлы 2021 жылы атқарылған жұмыс туралы және биылғы жоспарлар жөнінде баян етті.