Осы талапқа сәйкес «Әл-Фараби» атындағы қалалық әмбебап-ғылыми кітапханасында жұмысшы тобының қоғамдық кеңеске үміткерлермен әңгімелесу рәсімі өтті.
– Жұмысшы топ біраз іс атқарды. Хабарландырулар берді. Қоғамдық кеңестің сандық құрамын анықтады. Бүгінгі таңда оның мүшелігіне 69 өтініш келіп түсті. Оның 32-сі қоғамдық ұйымдардан болса, 37-сі жеке азаматтардан. Қоғамдық кеңес ережелерінің талаптарына сәйкес, үміткерлермен әңгімелесу өткізіледі. Онда барлық үміткерлерге бірдей сұрақтар беріледі. Сол сұрақтардың жауаптары және қосымша келіп түскен құжаттар бағаланады. Соңында жиынтық балл қойылады. Сол ескеріле отырып, ашық дауыс беру арқылы қоғамдық кеңестің тізімі анықталады, - деді жұмысшы тобының төрағасы Әмірдин Әлішев.
Анықталған тізім Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясында бекітіледі. Республикалық уәкілетті органның берген ұсынысына сәйкес, қоғамдық кеңес құрамында 29 адам болу керек. Биыл 29 наурызда бұрынғы қоғамдық кеңестің уәкілеттігі аяқталады. Қалыптасқан жаңа қоғамдық кеңес бекітілген соң 3 жұмыс күні ішінде БАҚ-та және қалалық мәслихаттың интернет ресурсында
жарияланады.