ЖӘРМЕҢКЕДЕ БАҒА ТӨМЕН
Среда, 08 Декабрь 2021 04:16Шымкент қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадион маңында Түркістан облысының және жергілікті тауар өндірушілерінің бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ СЫЙ ЖАСАДЫ
Среда, 08 Декабрь 2021 04:15Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы жалғасын табуда. Акция аясындағы кезекті іс-шара «Болашақ» тірек-қимылы бұзылған балаларды оңалту орталығында өтті. Бұл жолы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы орталыққа қайырымдылық көмек көрсетті.
ЖАҢА РЕФОРМАНЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ
Пятница, 03 Декабрь 2021 05:37Шымкентте жаңа тұрғын үй реформасы өз нәтижесін беруде. Айталық, Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үй болса, соның 374-і кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасынан тіркеуден өткен. Кондоминиум объектісі ретінде тіркеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлерде МИБ және ЖС құру жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарының медиа жоспары бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, бүгінгі таңға дейін аудан әкімшілігінің ұйымдастыруымен көпқабатты үйлерде МИБ және ЖС құрудың тиімділігін түсіндіруге байланысты тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды. Нәтижесінде, 411 көпқабатты тұрғын үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 % пайызды құрап отыр. Оның ішінде, 325 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік және 61 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі құрылған. Қалған 67 көпқабатты тұрғын үй 1 және 2 қабатты үй болуына байланысты мүлік иелерінің бірлестігіне және жай серіктестікке тіркелуге жатпайды.
ЖАҢА БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ӨТУДІҢ КӨРСЕТКІШІ 96% ҚҰРАДЫ
Четверг, 02 Декабрь 2021 09:32Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта салаға жауапты басшылар мәлімдеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов және қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Ғ.Өтенбаев көппәтерлі тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа реформасы мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) немесе жай серіктестікті (ЖС) енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Музей – құндылықтың қайнар көзі
Четверг, 02 Декабрь 2021 03:55Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен бірге Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін музейінің 20 жылдығы да қатар келіп тұр. Осыған орай музейде мерекелік жиын ұйымдастырылды.
Құрметті азаматтар – жаңа жинақта
Четверг, 02 Декабрь 2021 03:51Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» жинағының тұсаукесері өтті. Еңбек ардагері Шерім Медеуовпен бірге салтанатты іс-шарада жинақтың қызыл лентасын қиған қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан шаһар басшысы атынан ардақты азаматтарды құттықтап, кітаптың келешек ұрпаққа мол мұра болып қалатынын сөз етті.
ЕҢБЕККЕ ҮЙРЕНЕМ ДЕСЕҢ, ЕРІНБЕ
Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:32жастарды жұмыспен қамтуда үшжақты меморандум жасалды
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жастарды тұрақты жұмыспен қамтуда үшжақты меморандум жасалды. «Оңтүстік Қазақстан металлургиялық компаниясы», «Шымкент металлургиялық компаниясы – ШМК», «Қазақстан-Қытай марганецті индустриалды тобы», «Абайл өндіріс» кәсіп-орындарының өкілдері, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова және Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова өзара бірлескен меморандум құжатына қол қойды.
ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖАҢА БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДЕ
Пятница, 26 Ноябрь 2021 04:25Абай ауданында бүгінгі таңға дейін әкімдіктің ұйымдастыруымен көп қабатты үйлерде мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) және жай серіктестік (ЖС) құрудың тиімділігін түсіндіру бойынша тұрғындармен 597 жиналыс ұйымдастырылды. Көп қабатты 411 үйдің келісім хаттамасы жасалып, тұрғын үй көлеміне шаққанда 100 пайызды құрап отыр.