РАМАЗАНДАҒЫ ИГІ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА Избранное

Среда, 27 Март 2024 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 154 раз

Жыл сайынғы дәстүр бойынша Рамазан айының құрметіне орай қаламызда әлеуметтік осал топтар тізімінде тұрған жандар, көпбалалы отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға азық-түлік қоржыны таратылды. 21 наурыз күні қаладағы мешіттерде жалпы саны 800-дей мұқтаж жанға көмек көрсетілді. «Ақмешіт» орталық мешітінде 100-ге жуық адамға қоржындар табысталды.

pamasan

 

Бұл жолы «қоржында» 50 кг ұн, 2 литр пісте май, күріш пен макарон өнімдері бар.
– Көзді ашып-жұмғанша қасиетті Рамазан айының 11 күні өтіпті. Осы аралықта 15 мыңға жуық жанға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Бүгінде қала әкімдігі мен орталық мешітіміздің бастамасымен кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына тарту нәтижесінде 800 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. Бұған себепкер болған Интизамов Ильяр бауырымызға алғыс білдіреміз. Бұл қайырымдылық акциясын Рамазан айының соңына дейін жалғастырамыз деген ниеттеміз, – деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов.
Азық-түлік себетін алушылардың қатарында II топтағы мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған 34 жасар Айгүл Нұржанова да бар.
– Шымкент қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған аналардың ресми емес ұйымының атынан келдік. Менің қасымда тағы 27 ана бар. Өз басым мұндай себетті биыл бірінші рет алып отырмын. Осындай қайырымды іске себепкер болған адамдарға алғысымды айтамын,- деді бес бала тәрбиелеп отырған Айгүл Нұржанова.
Шара соңында Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Беруші қол алушы қолдан жақсырақ» деген сөзін еске салып, көмек алған жандардың ұрпақтарынан бай-қуатты азаматтар шығуын тіледі.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.