ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН Избранное

Среда, 27 Март 2024 05:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 148 раз

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыстар саны 36,3 пайызға азайған. Бұл туралы толығырақ жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов баспасөз брифингінде мәлімдеді.

KogamBrif

 

– Қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 пайызға, көшеде – 56,5, мас халде жасалған қылмыс – 2,6 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қылмыстар – 42,9, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 45,2 пайызға төмендеген. Жалпы, қылмыстың алдын алу және болдырмау, жол-көлік оқиғаларының жолын кесуде бейнебақылау камералары тиімділігін көрсетуде. Қаламызда мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 3177-і – «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12 855 бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына интеграцияланған, – деді Ұ.Мылтықов.
Бейнебақылау камераларының 3446-сы білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Қазактелеком» акционерлік қоғамы тарапынан 2460-ы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) үшін орнатылса, 1851-і темір жол, жер асты өткелдерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған.
Айта кетейік, мекенжай бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін қылмыстық қауіптілігі жоғары 3000 аумаққа бейнебақылау камерасын орнату көзделуде. Қазіргі таңда бейнебақылау камерасын орнатуға тұрғындардан 400-ге жуық өтініш келіп түскен.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.