×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

2000-ға жуық жобаға қолдау көрсетті Избранное

Среда, 26 Июль 2017 04:18 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 3142 раз

«ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы 8 жылдан бері облыс тұрғындарына жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп келеді. Бүгінге дейін компания 48,8 млрд теңгені құрайтын 16 240 жобаны қаржыландырған.

rec

Нәтижесінде облыстағы 16 мыңнан аса кәсіпкер өзінің бизнесін ашып, ілгерілетуге компаниядан қаржылай қолдау тапқан. Жүзеге асырылған жобалар аясында 40 907 жаңа жұмыс орындары ашылған.

Ал «ОҢТҮСТІК» АИО еншілес «Ырыс» микроқаржы ұйымымен бірлесе отырып, жыл басынан бері 4,9 млрд теңгені құрайтын 1 903 жобаны қаржыландырып үлгерген. Жүзеге асырылған жобалар нәтижесінде 3 994 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. 

Қаржыландырылған жобалардың 56,3 пайызы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Аталған бағытта 2,75 млрд теңгені құрайтын 941 жоба қаржылай қолдау тауып отыр. Одан бөлек, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін шаруашылығы бойынша 1,7 млрд теңгеге 894 жоба, жылыжай шаруашылығы бойынша 148,2 млн теңгеге 41 жоба қаржыландырылып, 128,2 млн теңгені құрайтын 7 ауыл шаруашылық техникасы лизингке берілген.

Бүгінде компания өзінің бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленіп келеді. «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығындағы пайыздық мөлшерлеме 7-8 пайыз яғни төмен болуымен бірге несиені рәсімдеу барысында қосымша төлемдер, комиссиялар алынбайды. Несиені өтеу кестесі әр кәсіпкер үшін жеке қарастырылып, икемді түрде жасалып беріледі. Ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлік, саман үйлер де нарықтық бағамен бағаланып, кепілге алынады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әр аудан орталықтарында еншілес ұйымның өкілдері жұмыс істейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Похожие материалы (по тегу)