Қасиетті Отанға, туған жерге, өскен елге деген махаббат оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Рәміздерді жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңселі азаматтары, патриоттары қалыптасады.

KokTU

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Мықтыбеков балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруды дамыту жоспарын баяндады.

azamat

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков тұтас бір отбасын құтқарып қалған Ермахан Манқараевты марапаттап, газ саласы маманының батылдығы мен кәсібилігін атап өтті.

kutKaru

Достық шағынауданындағы бұрынғы қоқыс полигонының аумағында Экопарк құрылысы басталды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен мұнда ауданы 45 гектар жасыл аймақ құрылады, оның 38,6 гектары көгалдандыруға бөлінеді. Құрылысқа табиғи материалдар пайдаланылады. Табиғи ландшафтқа сәйкес келетін велосипед жолдары салынады. Ал көмірқышқыл газын шығаратын құбырлар қолайлы етіп жүргізіледі.

ParK

Ауа температурасы төмендеп, күн салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан жылуға қатысты көптеген өтініш түскен. Осыны ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды.

JilUU

Шымкент қаласының жойқын жер сілкінісіне дайындық тақырыбында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ, азаматтық қорғаныс қызметінің күштері мен құралдарының жойқын жер сілкінісі жағдайына дайындық деңгейі талқыланды.

seismo

Республика күні — Қазақстан халқы үшін елдің тәуелсіздігін ұлықтайтын, әрбір азаматтың жүрегіне мақтаныш ұялататын қасиетті мереке. Бұл күн еліміздің дербестігін, еркіндігін және егемендігін айқындайтын маңызды тарихи кезеңнің символы. Республика күні мемлекетіміздің саяси тәуелсіздікке қол жеткізгенін, өз тағдырын өз қолына алғанын білдіретін мерейлі мереке.

mombek

«Тағдыр маған ел басқаруды, халық үшін қам жеуді сыйлапты. Ондай сый алған адам өз отбасының мүддесінен гөрі ел, халық мүддесін жоғары қою керек. Ел басқару білгенге – мехнат,білмегенге – қанағат». Бұл – мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Үкіметін 13 жыл басқарған Нұртас Оңдасыновтың айтқан сөзі.

ariKoli

Страница 1 из 918