«НАР ТӘУЕКЕЛ» ӨМІРДІ ӨЗГЕРТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ
Пятница, 26 Апрель 2024 06:1123 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кәсіпкер, жазушы Данияр Беркімбаевтың «Нар тәуекел» кітабының таныстырылымы өтті.
Мәдени іс-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында орналасқан кітапханада өтті. Кітаптың таныстырылымына мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапсүйер қауым қатысты.
ӘДЕБИ АВТОБУС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Пятница, 26 Апрель 2024 06:09Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы осы айтулы күнге орай әдеби автобус ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – Президентіміздің Ұлттық құрылтайдың 3-ші отырысында көтерген кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыру керек деген өзекті ойына үн қосу.
Антына адал ақ халатты - абзал жан
Четверг, 25 Апрель 2024 07:05Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген.
АҚСАҚАЛДАР ТАЛ ЕКТІ, тұрғындар да атсалысса...
Среда, 24 Апрель 2024 06:52Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» экологиялық сенбіліктер өткізу жөніндегі тапсырмасы байтақ елімізде кеңінен қолдау табуда. «Көктем Оңтүстіктен басталады» деген қанатты сөз бар. Биылғы ауа райының қарлы-жаңбырлы болуына байланысты көктем өңірімізге кешігіп келді. Шырайлы Шымқаламызды шын мәніндегі жасыл қалаға айналдыру жөнінде көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары алаңдардан бастап аулаларға дейін атқарылып жатыр.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Среда, 24 Апрель 2024 06:51Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды.
ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ САЛЫНАДЫ
Среда, 24 Апрель 2024 06:49Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Спорт шағынауданынан дендросаябаққа дейінгі аралықтағы балалар теміржолының қазіргі жағдайымен танысты. Бұған дейін жергілікті халық бұл нысанның жылдар бойы тоқтап қалу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Ескере кететіні, бүгінде тар табанды темір жол желісін қайта құру қыруар қаражатты қажет етеді.Себебі, қазір нарықта тар жолдарға арналған локомотивтер мен вагондар шығарылмайды.
БАР БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ – БАЛАБАҚША
Среда, 24 Апрель 2024 06:46Шымкентте мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың сапасын арттыру мақсатында Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының мектепке дейінгі ұйым ұстаздарына арналған өңірлік семинар өтті. Семинар мектепке дейінгі ұйымдардағы мобильді топтар мен құзыреттілік орталықтардың озат іс-тәжірибелерін тарату, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.
БИЫЛ 14 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Среда, 24 Апрель 2024 06:45Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы барлық көрсеткіш бойынша өсім болған. Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат МЕКАМБАЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.