«Терме сазы» - саналың пен даналықтың қайнар көзі

Четверг, 07 Август 2014 08:02 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 4305 раз

Терме – қазақи тәрбие құралы, қара өлеңнің мәйегі. Баршаға мәлім халқымыздың дау-дамайды бір ауыз сөздерімен шешкен ділмәр шешендері мен данышпан билері болған. Олардың жауһар жырлары мен өсиеті де өнегелі сөздері басылымдар арқылы және дүлдүл термешілер мен әншілердің орындауында бізге жетіп отыр. Өзгелерін айтпағанда «Жазушы» және өзге де баспалардан шыққан «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Он ғасыр жырлайды» атты терме, жыр жинақтары сондай-ақ ғалым, қаламгер Әсілхан Оспанұлының өңірімізде аталы сөздердің кені болған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Майлықожа» атты кітабы да оқырманының ыстық ықыласына бөленген басылымдар. Енді осындай аса қажетті жинақтардың қатары жаңа жинақ «Терме сазы» атты кітаппен және осы аттас дискімен толыға түсті.

Бағалы туындының авторы Шымкент мәдениет институтының түлегі, елізге танымал өнер иесі, әнші термеші, ұстаз, республикалық бірнеше байқаулардың жүлдегері Жақып Спатаев. «Азиат» баспа үйінен 500 таралыммен басылған кітапта 85 терме жинақталып, өнер сүйер қауымға ұсынылып отыр. Атап өтеріміз, біл кітапқа елімізге танымал ақындар Кенен Әзірбаев, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Мәделі Жүсіпқожаұлы, Шәді Жәңгірұлының шығармаларымен бірге Құтбай Дүрбаев, Молда Мұса Қайыпназар Әйтпенов, Оразқожа Бекахметов, Қаныбек Мейірбеков, Қасқыр Серікбаев, Өмірзақ Сұлтанмұратов, Каналбай Сейілбекұлы, Камал Ендібаев, Шалқар Әбішұлы, Гүлзипа Палымбетова, Бөрібай Оразым-бетов, Жиенбек Шырынбеков және тағы басқа өнегелі сөз зергерлерінің туындылары енгізілген. Тағы бір тоқтала кетер жайт, баршаға мәлім, біздің елімізде дәстүрін ән, жыр термелерді орындаудың жетісулық, Сыр өңірінің, батыс аймағы мен Арқаның мақам, әуендері бар. Ал біз сөз етіп отырған кітапта, шығарманың сөз иесі мен бірге әлгі орындалып жүрген шығарманың мақам иесі де көрсетілген. Бұл жинақтың келесі ерекшелігі, әр термені орындап үйренуге қажетті оның нотасы да жарияланып отыр. 

«Терме сазы» жинағы – текті сөздің төресі термелер тыңдап, өнеге алар жырлардан құлағдар болғысы келген жандарға арналған тамаша туынды. 

Уәлихан Қожақ,

журналист.

 

Последнее изменение Четверг, 07 Август 2014 08:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « «Оңтүстiк балы» Бәрiмiз бiрдеймiз... »