Достықты дәрiптеген «Менiң Қазақстаным»

Пятница, 02 Сентябрь 2016 09:20 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3799 раз

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғимаратында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Конституциясы күніне орай «Менің Қазақстаным» атты байқау өтті.

20160826 113629

Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Ася Мухамедова баршаны мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін «Қоғамдық келісім» КММ-нің сарапшысы Еркін Бабаев мерейлі мерекеміз Тәуелсіздік пен елдегі татулық, келісім туралы сөз сөйлеп, байқауды ашық деп жариялады.

Бұл күні біз татар, башқұрт, неміс, славян, тәжік, өзбек, орыс, поляк, кәріс, қырғыз, түрік және қазақ тілінде орындалған патриоттық әндерді тыңдадық. Байқау нәтижесінде, «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, көрерменді толқытқан 75 жастағы əнші Оңалбек Жақсыбай ақсақал 1-ші орынды алды.

20160826 111357

– Бала күнімде көп адам «даусың жақсы» десе де, әнші болу маңдайыма жазбаған деп ойлаушы едім. Көкейдегі сол арман қартайғанда орындалды. Қазір облыстық «Ардагерлер» хорының мүшесімін. Бейбіт заманда қартайған шағымда осылай «елім, жерім» деп ән салып жүргеніме бақыттымын, – дейді Оңалбек атай.
Екінші орынды облыстық татар-башқұрт орталығының әншісі Дамир Касьянов иеленсе, әділқазылар үшінші орынға облыстық «Ардагерлер» хорын лайық деп тапты. Десе де, сынға түскен әрбір өнерлі қатысушы бұл күнді «байқау» деп бақ сынамай-ақ, елге деген сүйіспеншілікті білдіретін мереке ретінде атап өтті.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.