«АҚ ОРАМАЛ» бейбiтшiлiктi қолдайды

Пятница, 02 Сентябрь 2016 05:58 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 3169 раз

Философиялық мағынасы терең «Ақ oрамал» акциясы отыз күнге созылып, егде жастағы ақ жаулықты аналардың енді ғана шаңырақ көтерген жас келін мен сәби сүйген перзентханадағы аналарға ақ орамал сыйлауымен барлық облыс-аудандарда жалғасын тапқан еді.

DSC 0178

Қазақстандықтарды шығу тегіне, олардың діни, əлеуметтік, басқа да ерекшеліктеріне қарамай бейбіт өмірді жалғастыруға үгіттейтін шара еліміздің барлық өңірлерінде, облысымыздың аудан, қалаларында бір мезетте қорытындыланды. 

Осыдан біраз бұрын Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев сонау АҚШ-тың төрінде «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария еткені елге мәлім. Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Абай» саябағындағы «Даңқ» мемориалында қорытындыланған салтанатты шара Елбасының аталмыш манифесін ілгерілету мақсатында және Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуы құрметіне аталып өтті. 

DSC 0299

«Ақ орамал» акциясының қорытынды жиынына облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, ОҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Б.Көмекбаева, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Мухамедова қатысып, еліміздегі бейбітшілік пен татулық, тұрақтылық жайында сөз сөйледі. Бұдан әрі қазақ дәстүрімен үйлестірілген театрлық көрініс көпшіліктің назарына ұсынылды. Елдегі бейбітшілік пен келісімнің мән-маңызын көпшілікке жеткізу мақсатында 150-ден астам ақ жаулықты аналар «Даңқ» мемориалына келіп, отты қару басына бейбітшілік пен татулықтың белгісі ретінде ақ орамал байлады.

 DSC5719

Акция барысында бейбітшілік жолында қаза тапқан азаматтарды еске алып, «Даңқ» мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Последнее изменение Пятница, 02 Сентябрь 2016 06:38
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.