Театрлар тоғысқан күн Избранное

Среда, 27 Март 2024 04:55 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 737 раз

Шымкентте «Театр көктемі - 2024» І қалалық кәсіби театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Мегаполистің алғашқы театр фестиваліне театртанушы, әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова бастаған қазылар алқасы төрелік етуде.
Іс-шараның алғашқы күні Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында Жұмат Шаниннің ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы келіп, әртістерді Халықаралық театр күнімен құттықтап, сәттілік тіледі.

teatr100

 

– Қаламыздың дамуында театрлардың алатын рөлі зор. Сондықтан да кәсіби театрларды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, сәттілік тілеймін. Кәсібилік бар жерде өсу бар, ой саларлық қойылымдарымен көрермендерді қуантып жүрген театрларымызға шығармашылық табыс тілеймін! Еліміздің руханиятына өз үлесімізді қоса берейік, – деді С.Құранбек.

teatr102


Фестивальдің алғашқы күні қалалық Әзіл-сықақ және сатира театры С.Ванустың «Сұлтанның аты – Сұлтан» трагикомедиясын, Өзбек драма театры Ш.Исаханованың «Тановар» арт-этно фольклорын, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры М.Мақатаевтың «Дариға жүрек» поэтикалық сазды толғауын сахналады. Ал, екінші күні Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры В.Гауфтың «Мұрынды ергежейлі» ертегісін, Орыс драма театры Б.Брехттің «Мамаша кураж и ее дети» трагифарсын көпшілікке ұсынды. Сондай-ақ, фестиваль аясында «Қазіргі заманауи театр және интерпретация» форумы ұйымдастырылып отыр.
Айта кетейік, «Театр көктемі» – Халықаралық театр күніне орай жыл сайын ұйымдастырылатын жаңа қойылымдардың фестивалі. Бұл театрдың аға, орта және жас буынының шығармашылығымен жақынырақ танысуға, көрерменмен байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.