Мерейтой күні кеше ел басына күн туған тағдыршешті кезеңде жасындай жарқ еткен алдаспанның сынығы, тұлпарлардың дүбірі қалған дархан Торғай даласында аталып өтті. Ауқымды іс-шарада дүбірлі айтыс өтіп, торқалы тойда дүлдүл ақындар аламан айтысқа шықты. Амангелдінің ерлігін жырға қосты. Ел рухын асқақтатты. Жыр додасының бас жүлдесін кестелі сөз, өрнекті ой айтып, көпшілік көңілінен шыға білген шымкенттік ақын Нұрлан Есенқұлов жеңіп алды. Айтыста жеңімпазға темір тұлпар мінгізді.
Ұлттық өнеріміздің абыройын асқақтатқан айтыскер Нұрлан Есенқұловтың бәйгесі құтты да берекелі болсын!