Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымындағы әлеуметтік қызметкердің қызметі мен рөлі

Пятница, 02 Июнь 2023 10:12 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1981 раз

Әлеуметтік қызметкер –  арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар мамандық иесі. Маманға өмірдің қиындығына ұшыраған кез-келген азаматтар жүгіне алады. Дәлірек айтқанда сәтсіз отбасы, азқамтылған отбасы, жұмыссыздар, кедейлікке ұшыраған көпбалалы және толық емес отбасылар, 70 жастан асқан өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы азаматтар, маргинал топ өкілдері, жас аналармен жүктілер, жетімдермен тастанды балалар, тұрмыстық зорлық зомбылыққа ұшыраған азаматтар т.б. Әлеуметтік қызметкер қызмет алушыларға 8 түрлі қызмет көрсетеді. 

Атап айтқанда, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық қызмет көрсетулер жатады. Туындаған мәселені шешуде әкімдік, мемлекеттік ұйымдар, Халықаралық ұйымдар, партиялар, білім беру ұйымдары, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлік, құқық қорғау ұйымдары, әлеуметтік қорғау ұйымдары, діни конфессиялар, діни қызметкерлер, қоғамдық қорлар, денсаулық сақтау ұйымдары, мәдени ұйымдармен, БАҚ, мемлекеттік емес ұйымдары арқылы жұмыс жасайды.

Шымкент қаласының №6 емханасында 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Мамандар әлеуметтік бағдарланған, емхана халқына жауапкершілік және мейірімділікпен кәсіби түрде әлеуметтік қызмет көрсетіп, кеңес береді.

№6 қалалық емхана
әлеуметтік қызметкері
Д.Б.Токжигитова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.