Шетел азаматтары шымкенттік ХҚО-ға кезекті онлайн брондай алады

Вторник, 04 Октябрь 2022 11:31 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2775 раз

Шетел азаматтары кезекті алдын ала жоспарлап, ЖСН қалыптастыру мемлекеттік қызметін SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

"Қазір бұл қызметті eGovKzBot2.0. телеграм-боты арқылы, ұялы телефонмен алуға болады. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына sms келеді. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны және шетелдік төлқұжатты көрсету арқылы кезек талоны беріледі", – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шетел азаматтарына ЖСН алу үшін ХҚО-ға қайта жүгінудің қажеті жоқ. Дайын құжат шетел азаматының өтініште көрсетілген қазақстандық ұялы телефон нөміріне SMS арқылы жіберіледі. Нөмірді төлқұжат ұсына отырып сатып ала алады.

Яғни, онлайн брондаудың негізгі шарты – қазақстандық ұялы байланыс операторы нөмірінің болуы.

Последнее изменение Вторник, 04 Октябрь 2022 11:56
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.