«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының жаңа директоры тағайындалды

Среда, 28 Сентябрь 2022 10:47 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3961 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқармасы төрағасының бұйрығымен Шымкент қалалық филиалының директоры қызметіне Балмейір Сансызбайұлы тағайындалды.

 

tcon direktor

 

Балмейір Сансызбайұлы 1993 жылы дүниеге келген. 2014 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдап шыққан.

Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы қызметінен бастаған.

2017–2019 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы қызметін жатқарды.

2019-2021 жылдары Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, басқармасының басшысы қызметінде еңбек еткен.

2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.

Последнее изменение Среда, 28 Сентябрь 2022 10:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.