ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Четверг, 15 Апрель 2021 09:30 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1204 раз

Шымкентте «Nur Otan» партиясы жанындағы 10 қоғамдық кеңес партияның сайлауалды бағдарламаларының орындалу мониторингін қамтамасыз етеді.

kogamdyk-kenes-jandandy

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен өткен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысында мәлім болды.
Елбасы, Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan»-ның 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленген.

Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партия қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды.

kogamdyk-kenes-jandandy-2

Саяси кеңес Бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылау бойынша 13 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.

Осыған сәйкес, Шымкентте қалалық партия филиалы жанынан қазіргі кезде аталған кеңестердің қалалық құрамы жасақталды. Олардың құрамына партия депутаттары мен белсенді мүшелерінен бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, жалпы қоғамдық пікір көшбасшылары және басқа да азаматтар кірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.