Рәміздер-рухымыз, ар-ожданымыз!!

Вторник, 18 Июнь 2024 06:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 137 раз

      Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

22

 

       Ту көтерген батыр бабалар бейнесі сонау ерте замандарда жартаста сызылған суреттерде айқын бейнеленген. Көне ұғымдарды былай қойғанда, аттары бүгінге дейін жеткен Мөде, Бумын және Елтеріс, Жәнібек пен Керей, Қасым мен Есім хан, Тәуекел мен Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай сынды ел билеушілеріміздің, қол бастаған баһадүрлеріміздің қай-қайсысының да өз байрағы болғаны мәлім. Байрақтың түсіне келер болсақ, «Көк асаба» аталған көне байрақ түсі исі түркі халықтарының түп атасы кие тұтқан Көк аспан әміршісінің белгісіне баланса, түркілердің тағы бір табынары-көк бөрі бейнесі де тудағы таңбаға айналған.

  Қазақ даласында көтерілген байрақ, тулар да бір тектес болмаған, әрине. Ұзақ уақыт бойы арнайы сөз етіліп, қасиетті жәдігер ретінде құнтталмағандықтан да, ел ішінде көбіне Абылайдың ақ туы ғана ауызға алынады. Дегенмен, тек төрелер ұстаған тулардың өзі әр алуан болған. Мысалы, араб, парсы, түркі және қытай жазбаларына сүйене отырып, олардың қызыл, көк, ақ, ала тулы болғанын білеміз.

  Туымыздағы нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек-сондай айтары мол астарлы айшықтар. Ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса, Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек  нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнелері алтын түсті болуы керек. Тудың ені мен ұзындығының бір-біріне қатынасы ½ бөлшегімен өрнектеледі. Яғни, ені-1,5 метр болса, ұзындығы 3 метр болады.

 Қазақтың «Елім-ай әні -әлемде теңдесі жоқ болмыс –бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр.

  «Мемлекеттік рәміздер» - мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына және » Қазақстан Республикасы кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады

     1992 жылы ең алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар — Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалады.

Шымкент қаласы жұмыспен қамту

және әлеуметтік қорғаубасқармасының

«№7 үйде қызметтер көрсету жағдайында

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

орталығы» КММ-нің №2 бөлімше меңгерушісі

А.Тасполатова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.