«Пікірсайыс-пікірсайыс үшін емес, пікірсайыс-қоғам үшін!»

Пятница, 01 Март 2024 00:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 259 раз

2024 жылдың ақпан айының 24-25 күндері Алматы қаласында, еліміздің бетке ұстар оқу орны Абай атындағы атындағы ұлттық педагогикалық университеттің «Атамекен» пікірсайыс клубының ұйымдастырған «Atameken Cup XXI» республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

567865

 

 

Турнирдің негізгі мақсаты-жастардың бойында қоғамдағы мәселелерге ашық көзқарастарын айта білу дағдысын қалыптастыру, сыни ойлауға үйретіп, әлеуеттегі мәселелерді жақсарту жолдарын ұсына білуге машықтау.    

Пікірсайысшылардың ұранына айналған «Пікірсайыс-пікірсайыс үшін емес, пікірсайыс-қоғам үшін!» сөзінің мәнісі де осында. Пікірсайыста қаралатын тақырыптар ой түбінде жатқан асыл сөздерді шығаруға қабілетті. Аталмыш турнирлерге еліміздің әр өңірінен барлығы 64 фракция, 128 адам қатысты. Олардың ішінде бакалавр студенттері мен қатар пікірсайысшы ұстаздар да бақ сынасты. Әдеттегі дәстүрлі сарында концерттік бағдарламамен басталған турнир екі күнге созылды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген ойыншылар төмендегідей мәселелерді талқылады.

Турнир қарарлары:

1.БП(бұл палата) Алатау қаласын құру ақталмайды деп есептейді.

2.БП(бұл палата) төтенше жағдайлар кезінде жалған ақпараттың тараудың алдын алу механизмін ұсынады.

3.БП(бұл палата) Шәкәрімнің "3 анығына" 4-ші анық қосады.

4.БП (бұл палата) пікірсайыстың ең биік шыңын көрсетеді.

5.БП(бұл палата) Орта білім беретін ұйымдарының педагогтарына андрогогика енгізу тиімді деп есептейді.

6.БП(бұл палата) демократиялық елдерде конституциялық соттың шешімдерін заң шығарушы органдарда көпшілік дауыспен кері қайтаруға мүмкіндік береді.

7.БП(бұл палата) Шамима Бегумге Ұлыбритания азаматтығын қайтарып беру керек деп есептейді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Жастар орталығының жанынан құрылған 22 жылдық тарихы бар «Ақиқат» пікір-сайыс спикерлері де жоғарыда айтылған турнирлерге барған болатын. Турнир барысында көрсеткен қолдаулары үшін университет басшылығына алғысым шексіз! Толассыз еңбек пен талпыныстың нәтижесінде осындай ауқымды турнирде, топтан оза шауып, көптің ішінен дараланып көріну бізге бұйыртқан екен.

«Atameken Cup XXI» турнирінің «Шәкірттер» лигасында «ЭВР и Мориарти» фракция атауымен, мен «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің 4 - курс студенті - Канадиллаев Азамат және «Филология» факультетінің 2 - курс студенті Абдурашидова Мехринисомен жүлделі I – ші орын иегері атандық.

Бұл жеңісіміз тек біздің емес, «Ақиқат» пікірсайыс орталығының, М.Әуезов университетінің жеңісі десем, артық айтпағаным. Пікірсайысшы ретінде қоғамда маңызды мәселерді ортаға салып талқылағанда, сүбелі сөз, сапалы ойын көрсету пікірсайысқа     деген құрметтен болмақ керек.

Сөз сүбелі шығу үшін, қаншама ұйқысыз түндер өткеруге тура келеді, сағаттап ізденіп, көздің майын тауысып еңбек етпек керек. Мұндай ауқымды деңгейдегі нағыз мықтылар бәсекеге түскен додада бізге бақ пен бапты қатар сынау-жауапкершілік. Оның үстіне, бұл менің республикалық деңгейде Америкалық парламенттік форматтағы алғашқы кубогім. Ойын барысында, марапаттау кезінде қобалжу сезімі бойымды билеп алғаны да хақ. Жаңа айтқанымдай, ең алдымен жанымдағы фракцияласымның алдында, «Ақиқаттық» бауырларымның алдында үлкен жауапкершілікті сезіндім. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бұл жеңіс үшін көп еңбек еттік және де, көңіл қуантарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бұл жетістік мен үшін де, мен пікірсайыстың қыр-сырын үйретіп келе жатқан, ізбасар жас буындар үшін де үлкен мотивация бола алды, қалдырған ізбен жолсалып, оларда тағы осындай асуларды бағындыратына сенемін.

Жоғарғы оқу орнының табалдырығын жаңа аттаған бозбала шағымда менен республикалық турнирдің чемпионын, тәжірибелі пікірсайысшы жасаған «Ақиқат» пікірсайыс орталығының өзіне тән маңызды құндылықтары бар. Олардың бірден-бірегей-ұрпақтар арасындағы сабақтастық. Артыңнан еріп келе жатқан іні-қарындастарыңды білімді, сауатты, пікірсайыстың жәй-жапсарын жақсы меңгерген, сыни ойлауға қабілетті, ойлы, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын ұрпақ етіп тәрбиелеу - «Ақиқаттың» мақсаты. Бүгінгі жеңісіміз бұл тек мақсаты емес, «Ақиқаттың» жетістігі де екенінің дәлелі. Білгенімді үйретіп, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болсын өскелең ұрпақ бойына ізгі қасиет дарыта алсам, бұл да мен үшін жеңіс.

Пікірсайыс – саналы жастардың санын арттырудың таптырмас жолы. Еліміздегі бұл саланың дамуына барынша үлес қосуымыз керек, қазақ пікірсайысының   болашағы жарқын болуы жас ұрпақтың қолында.

Ұлтқа қызмет ету қару ұстап айқасу ғана емес, қалам алып жазғаным, шаршы топта сөзбастағаным. Менің құралым-сөзім, демеушім–ақыл-ойым. Адамды адам етуші - ой мен сөз. Қолдау білдіріп, көмек көрсетіп, атсалысқан әрбір адамға алғысым шексіз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыра беру бұйырсын!

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу Университеті,

ММГ-20-10к тобының студенті Канадиллаев Азамат,

Жетекшісі: Механика жзәне машинажасау» кафедрасының аға оқытушысы Қазтуғанова Гулсара Алдабергенқыз

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.