Автоматты форматта қызмет алатын БЖЗҚ салымшыларының саны өсуде

Понедельник, 22 Апрель 2024 06:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 187 раз

01.01.2024 ж. мен 29.02.2024 ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 15,9 млн. астам қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп. Жүргізілген операциялардың ішінде электрондық форматта – 4,2 млн. астам, автоматты форматта – 11,4 млн, қашықтағы форматта - 0,1 млн., күндізгі форматта 214 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде - 201 мың қызмет.

 

Автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны 10 есе өсті. Оларға, ең алдымен, БЖЗҚ – ның негізгі операциялары - шоттар ашу және төлемдерді жүзеге асыру жатады. 2024 жылдың алғашқы екі айында шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашатын) және нысаналы жинақтаушы шоттарды (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 3,4 млн. Айта кету керек, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, автоматты форматта " Ұлттық қор – балаларға "бағдарламасына қатысушылардың нысаналы талаптары, нысаналы жинақтарды алушыларға төлемдер, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын төлеу есепке алынады.

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу әлі де танымал қызмет болып табылады. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЖШ, НЖШ-дан 4,8 млн - нан астам үзінді көшірме берілді, оның 3,7 млн-ы электрондық түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 77%) және 988 мыңнан астамы автоматты режимде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 20%). 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды төлеуге 775 өтініш қабылданды, оның 288-і тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және 487-сі білім беру ақысын төлеуге.

БЖЗҚ сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты мерзімсіз немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) жинақтарының бір бөлігін төлеуге, аударуға өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т. б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 режимінде пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады

2024 жылғы қаңтар-ақпанда деректемелерді өзгертуге 48,8 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның 42,4 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңесте ала алады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 5,9 мыңға жуық көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 137 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,5 мың материал орналастырылды.

Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 134 мыңды құрады.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады, ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.