Үнемшілдік – экономика тірегі

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 349 раз

«Су ресурстары-маркетинг» кәсіпорнында «АМАNAТ» партиясы «СРМ» бастауыш партия ұйымының отырысы өтті. Басқосуда Президент
Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауының басым бағыттары насихатталып, түсіндірілді. «АМАNАТ» партиясы «Тұран» филиалының атқарушы хатшысы Бақтыбай Әліпов Жолдаудың негізгі басым бағыттары бойынша баяндама жасап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

418

 

–Бүгінгі күні Қазақстанға жаңа экономикалық саясаттың қажет екені анық. Елдегі қордаланған проблемаларды шешудің бірден-бір жолы тиімді экономикалық саясат қалыптастыру, мықты өнеркәсіп негізін қалыптастыру екенін Президент нақтылап айтты. Мәселен, Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуымыз керек. Мемлекет басшысы айтқандай, ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды», – деді Б. Әліпов.
Қазіргі ең бастысы – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән берілуі тиіс.
Жолдаудағы тағы бір бағыт – энергетикалық қауіпсіздік мәселесі.
–Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі. Электр қуатымен, жылумен және сумен қамтамасыз ету – технологиялық тұрғыдан алғанда тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Президенттің бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі деген сенімді сөздерін қос қолдап қуаттаймыз, –деді өз сөзінде Бақтыбай Әліпов.

419


Бастауыш партия ұйымының мүшесі Ә.Тәңірбергенов электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап, дегенді алға тартты.
Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Міне, осы олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар көру тапсырылды.
Жиында бастауыш партия ұйымының мүшесі Ә.Әшірімбет Жолдаудың басым бағыттарындағы инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғырту, оның ішінде су ресурстарын үнемдеу мәселелеріне байланысты міндеттерді іске асыру, орындау бойынша пікірлерін білдірді.

Последнее изменение Среда, 20 Сентябрь 2023 10:21
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.