ЕЛУ ЖЫЛДА ЕЛ ЖАҢА

Среда, 26 Апрель 2023 05:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 734 раз

немесе Кітапхана жаңа форматта жұмыс істейді

Кітапхана — білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда. Кітапхана — оқырманның рухани талап тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық ақпарат көздерін шолып, мазмұнды ақпарат жинақтап, оқырманға жеткізуші құрылым. Сондай рухани орданың бірі — Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы. Биыл мәдени орданың құрылғанына — 45 жыл.

 

«Елу жылда ел жаңа» демекші, кітапханамыз бүгінде жаңа форматта жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялардың дамуы мен оны тиімді пайдалану бүгінде кітапхана ісінің басты көрсеткішіне айналған. Ал, біздегі кітапхана процестерін автоматтындыру бөлімі тың деректердің сандық жүйеге көшірілуіне мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, бөлім ақпараттық өнімдерді пайдалана отырып, оқырмандарға компьютерлік, офистік, полиграфиялық қызмет көрсетіп, интернетті қолжетімді етіп отыр.
Бүгінде Қазақстан кітапханалары автоматтандырылған кітапханалық жүйе Веб-РАБИС бағдарламасымен жұмыс істейді. Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы халықаралық мамандандырылған бағдарламаға 2021 жылдан бастап көшті. Веб-РАБИС бағдарламасы кітапхана ісін автоматтандырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырман уақытын тиімді пайдалануға ықпал етеді. Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуды ілгерілету және оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхана жаңалықтарын әлеуметтік желі арқылы бөлісіп, оқырмандарды құлағдар етіп отырамыз. Кітапханада түрлі жиындар мен кездесулер өткізуге қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ, қашықтан жиын өткізуге де техникалық мүмкіндік мол.
Онлайн іс шараларды ұйымдастыру оқырман уақытын үнемдегенімен, ұйымдастырушыдан ізденуді талап етеді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде оқырмандарға мазмұнды, пайдалы, қызықты ақпараттар ұсынып отырамыз. Тікелей эфир қонағы ретінде қоғам қайраткерлері, өнер иелері, ақын-жазушылар шақырылып, түрлі бағытта сұхбат ұйымдастырылып, бейне түсірілім жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде кітапхана қорына жаңа түскен кітаптарды онлайн таныстыру ісі де жолға қойылған. Кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің қорында 582 аудио-видео кітап бар. Оның 436-сы қазақ тілінде жазылған.
Кітапхана «Біз сізді іздейміз» жасырын камера акциясын ұйымдастырып, жыл бойы қоғамдық орындарда кітап оқыған оқырмандарды жасырын бейне, фото таспаларға түсіріп алады. Жыл соңында жасырын камераға жиі түскен кітапқұмар жанның аты-жөні анықталып, марапатқа ұсынылып отырады. Сонымен қатар, қоғам қайраткерлері мен өнер майталмандарына арналған «Сөз киесін қастерлеген шайырлар» айдары аясында бейнероликтер түсіріліп отырады. Жалпы оқырмандарға сандық технологияларды пайдалана отырып, қызмет көрсетудің жаңа формаларын ұсыну — кітапхананың процестерін автоматтандыру секторында атқарылған жұмыстардың нәтижесі.

Д.ЕЛТАЕВ,
Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының процестерін автоматтандыру секторының меңгерушісі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.