ЖАС ЭКОЛОГТАР ТАЛ ЕКТІ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс-шара барысында Шымсити шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен №135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық шырша ағашының көшеті мен 200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл желектер бапталып, шөп орылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

Taza101

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясының төртінші –«Өнегелі ұрпақ» апталығы басталды. Апталықтың мақсаты–қаладағы жалғызілікті қарттарға, ардагерлерге, көмектесіп, жылулық сезімін жеткізу, сол арқылы басқаларға өнеге көрсету.

Taza102

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Комиссияның бүгінгі отырысы Еңбек күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Jalaki

аға буынның қолында

Шымкентте С.Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің қабырғасында «Қалалық ардагерлер ұйымы және ұрпақтар сабақтастығы» атты тәжірибе алмасу семинары өтті.

Urpak

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде AICTC-2024 халықаралық конференциясы өтті. Ақпараттық коммуникациялық технологиялар және компьютерлер саласындағы жетістіктерге арналған 5-ші халықаралық конференцияның өтуіне «Спринджер» халықаралық ғылыми басылымдар ұйымы мұрындық болды.

Jana

ҚАРИЯЛАРДЫ ҚУАНТТЫ

Пятница, 03 Май 2024 05:21

Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында  «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де концерт қойды.

Karia

26 сәуір —Чернобыль апатын халықаралық еске алу күні. Биыл атом электр станциясында орын алған апатқа 38 жыл толды. Сұрапыл апаттың зардаптарын жоюға Оңтүстік өңірден 2000-ға жуық адам қатысты. Бүгінде сол жауынгерлердің 300-ге жуығы ғана арамызда жүр. Осы апат куәгерлері Чернобыль ардагерлерінің аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, апат құрбандарын еске алды.

Shernobl

Азаматтық қоғамды қалыптастыру – мемлекетіміз үшін маңызды бағыттардың бірі. Бұл іске «Шымкент қаласының Азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігі де өз үлесін қосып келеді. Альянстың бұл бағытта қолға алған шараларының бірі – бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды қалыптастыру бағыты.

MektePP

Страница 11 из 817