ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ Избранное

Среда, 07 Сентябрь 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 804 раз

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен жылу беру маусымына дайындық бойынша жиналыс өтті. Жиында мекемелердің дайындығы пысықталып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

77

 

Қаладағы 1987 көпқабатты тұрғын үйдің 91 пайызы жылыту маусымына дайын. Ал, 484 бюджеттік мекемеден бүгінгі күнге дайындалғаны 480 нысан (99%), дайындық жұмыстары жалғасуда. Аталмыш мекемелер отын қорымен толық қамтамасыз етілген.
Қала тұрғындарының көмірге қажеттілігі 66 мың тонна, бүгінгі күнге дейін қалаға 100,8 мың тонна көмір тасымалданған, қоймаларда 35 мың тонна көмір қоры бар. Инфрақұрылым жүйелерінің дайындығы 90 пайызды құрап отыр. Қала әкімі күрделі жөндеу жұмыстары бойынша аяқталмаған жұмыстарды тездетіп бітіріп, құбырларды жаңартуда орын алған кемшіліктерді реттеуді, аудан әкімдеріне көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығын тексеріп қосымша баяндауды тапсырды. Маусымға дайындық жұмыстарын мамандар қыркүйектің соңына дейін аяқтауы тиіс.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.