ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС Избранное

Пятница, 29 Март 2024 05:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 409 раз

диалог алаңына айналады

Халқымызда «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген аталы сөз бар. Осы қисынға салсақ, қалалық қоғамдық кеңестің мәртебесі ерекше дер едік. Өйткені, алып шаһардың, осында тұрып жатқан халықтың шешімін күткен мың сан шаруасы бар. Өзекті мәселелерді тізеге салып шорт сындыруға болмайды, ол қоғам тезінен өтуі керек.

Kogam

 

Қалалық Қоғамдық кеңестің отырысына қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, шаһардағы атқарылған жұмыстар, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, шешімін таппаған бірқатар мәселелерден хабардар етті.
Жиында А-2 айналма жолын пайдалануға беру мерзімі, теміржол вокзалын қайта жаңғырту, жаңа әуежай терминалының құрылысы, жол қауіпсіздігі мен азық-түлік бағасын тұрақтандыру, абаттандыру, әлеуметтік саладағы жобаларға қатысты мәселелер пысықталды.

Ғабит Әбдімәжитұлы алдағы уақытта қала көшелеріндегі кептелістер жасанды интеллект арқылы шешілетінін, ирригациялық жүйелерді ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар басталғанын атап өтіп, жалпы бәрі кезең-кезеңімен, жоспарға сай атқарылып жатқанын жеткізді.
Қала басшысы нәтижелерге қол жеткізу үшін қоғамдық кеңес отырысын қызу диалог алаңына айналдырып, өзекті мәселелердің шешімін жан-жақты қарастыруды ұсынды. Кадрлық ауыс-түйістерге қатысты туындаған сұраққа жауап берді.
– Әріптестерімнен ең алдымен адалдықты, халықпен таза, тығыз жұмыс жүргізуді талап етемін. Екі орынбасарым мен аппарат басшысы бос орындарға қызметке келді. Бір аудан әкімі мен басқарма басшыларының тағайындалуы да тиісті талаптарға сай жүргізілді. Ал қалған құрам өздерінің қызметке адалдығын, іскерлігін көрсетіп, жұмыстарын жалғастыруда. Әріптестерімнің кез келген заңсыз әрекеті үшін мен жауапты болғандықтан, сенімді, халықпен жұмыс жүргізе алатын азаматтармен бірге қаланы дамытуда бірлесе қызмет етеміз – деді қала әкімі.
Жиында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныс пен мәселелер айтылды. Атап айтқанда, кеңес мүшелері Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының барысымен танысу, Шымкент темір жол вокзалында қолайлы жағдай жасау, қалаға саясы мол жапырақты ағаштарды көбірек егу, жол қауіпсіздігін арттыру, аялдамаларда дәретханалар орнату, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тұрмыстық қалдықтарды жою және тағы басқа мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын айтты.
Шаһарда күрмеулі мәселелер көп. Әкімдік кейбір шетін жәйттерді байқамай қалуы да мүмкін. Мұндайда халықтың жанайқайын тыңдап, сол ортада жүрген қоғамдық кеңес мүшелері проблемаларды оңтайлы шешуге үлкен ықпал етеді. Осы жәйттерді тағы бір пысықтаған қала әкімі кеңес мүшелерін қоян-қолтық жұмыс істеуге шақырды.
Халқымызда «Бір бас жақсы, екі бас одан да жақсы» деген сөз бар. Бұл дегеніңіз, өткір мәселелердің түйінін көп болып атқарған игілікке жеткізеді деген пайым

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.