Инфрақұрылыммен қамту құрлысы қарқынды

Пятница, 21 Июль 2023 06:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 580 раз

turan

Тұран ауданында 21 елді мекеннің 20-сы сапалы ауыз сумен қамтылса, Құрсай шағын ауданы тіршілік нәрін кестемен тұтынып отыр. Бұл мәселені шешу үшін 2021 жылы Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан құрылыс жұмысы басталған болатын.

Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сәйкес, құрылыс жұмысы осы жылы аяқталып, құрсайлықтар сапалы ауыз суға қол жеткізбек. Сонымен қатар, ауданның ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді деп жоспарланып отыр. Ал, ауданда елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтылуы 99,5 пайызды құрап отыр. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарық жүйелерін тарту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысын 2023-2024 жылы жүргізу жоспары бар.

Тұран ауданында 2022 жылдың соңында Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ шағынаудандарын газдандыру құрылысы аяқталған болатын. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Жалпы, аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.