АЛТЫН ҚОЛДЫ ДӘРІГЕР

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:19

Кейбір ата-аналар тентектігіне басып, тыңдамай кеткен балаларын «қазір дәрігер ине салады» деп, ақ халаттылармен қорқытып жатса (мамандардың айтуынша, бұл дұрыс емес), ересектердің өздері медицина қызметкерлерінің ішінде тіс дәрігерінен қашқақтайтыны да жасырын емес. Көбісі үшін стоматологтың кабинеті – кіруге қорқатын қамалдай, ал тіс дәрігері ең бір жүрек жұтқан, міз бақпайтын маман иесі көрінетіні бар. Ал осы орайда адамның тісін ғана емес, бүкіл жақ пен ауыз қуысын, бет бөлігін емдейтін, қажет болса, мүдірмей ота жасайтын маманның бар екенін білесіз бе? Олар – жақ-бет хирургтары. Бұл жолғы әңгімеміз сондай дәрігердің бірі Жандос СҰЛТАНОВПЕН өрбіді.

826

Шымкенттік команда футболдан Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанды. «Астана-Аренада» өткен финалда «Ордабасы» «Ақжайық» клубынан 5:4 есебімен басым түсті.

757

Үшінші мегаполисте «Ағаш отырғызу – сауапты іс» атты тал егу акциясы өтті. Шымсая шатқалында өткен сенбілікке қалалық әкімдіктің басқармалары, оларға қарасты мекемелер мен «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері мен волонтерлар, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамына енгізілген этнос жастары – жалпы 300-ге жуық адам қатысты.

753

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Министр өңірдің БАҚ өкілдері, этномәдени бірлестік басшылары, қала тұрғындары және жастармен жүздесті.

682

Тұрғын үй сертификаты берілді

Пятница, 04 Ноябрь 2022 08:16

sertifikat

Шымкентте тұрғын үй сертификаты бойынша 48 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде толық емес отбасылар, көпбалалы отбасылар, бюджеттік ұйым және мемлекеттік қызметшілер бар.

Биыл тұрғын үй сертификаты үшін шаһарда жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Аталған сертификат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Сертификаттың сомасы әрбір үміткер үшін 1 миллион теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.

Жалпы, тұрғын үйдің бұл жеңілдігі санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Электронды жүйеге көшті

Пятница, 04 Ноябрь 2022 08:12

elektrondi juie

Шымкентте 29 компанияүйішіндегігазжабдықтарынатехникалыққызметкөрсетугетиістіаттестаталған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Депозитіңізге +10 пайыз өтемақы

Пятница, 04 Ноябрь 2022 08:06

dom

Бес миллионнан астам отандасымыздың жинап жүрген депозитіне өтемақы алу мүмкіндігі бар. Оның мөлшері ақша салып жүрген депозитіндегі соманың 10 пайызын құрайды. Ол үшін 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін банктерге тиісті өтінім беріп үлгеру керек.

spiker Мемлекеттік қолдау бағдарламасы 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған депозиттерге қатысты. Ең көбі 20 миллион теңгеге дейінгі депозиттерге өтемақы беріледі, деп   хабарлайды қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері.

 – Біз салымшыларды өтемақы алу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған депозит болса, сіз бұл сыйақыны алуға   құқылысыз. Өтемақы үшін депозиттің максималды сомасы 20 млн теңге болғанына қарамастан, статистика көрсеткендей, оны алуға құқылы салымшылардың депозиттерінде   негізінен 1 млн теңгеге дейін қаржы бар, – дейді Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев.

 Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш беру арқылы келісімін растауы керек. Кейбір банктерде төлемге өтінішті онлайн беру мүмкіндігі бар. Әр   банк өтемақы төлеудің шарттарын, тәртібі мен мерзімін өзі анықтайды. Оны білу үшін салымшылар депозит ашылған қаржы ұйымына тікелей хабарласуы қажет. Тиісті   ақпарат қаржы ұйымдарының ресми сайттарында да бар. Төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін ережеде белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметінше, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 5 млн-нан астам адам өтемақы ала алады. Оның ішінде салымшылардың 97 пайызының 5 млн теңгеге дейін депозиті болса, оның басым бөлігінің 1 млн теңгеге дейін салымы бар.

Өтемақыны Отбасы банкінің салымшылары да, жинақтаушы жүйе бойынша несие алған азаматтар да ала алады. Тиісті өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 1 қазанынан басталған.

– Қазан айының соңындағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында 24 812 өтінім қабылданды. Бұл азаматтар міндетті түрде өтемақы алады. Клиенттер біздің банк арқылы несие рәсімдеген болса, олар да өтемақы ала алады. Кей салымшылардың депозиті бойынша 1 700 000 теңге мөлшерінде өтемақы төленуі мүмкін, – дейді «Отбасы Банк» АҚ Шымкент қаласы филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Қазіргідей қымбатшылық заманда бұл кімге болса да жағымды жаңалық болғалы тұр. Бекітілген ережеге сәйкес, өтемақы өтініш беру арқылы төлем келісімін растаған салымшыларға ғана төленеді. Өтініштерді 2022 жылдың 1 қазанынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарын қоса алғанда www.otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталындағы жеке кабинетте беруге болады. Өтемақы салымшыларға 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін, Отбасы банкіне қаржы түскен сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде депозиттерге аударылады. Өтемақы алу үшін бөлек шот ашудың қажеті жоқ. Осы тұста қаржы мамандары бірқатар ережеге назар аударуды сұрайды. Өтемақы мына депозиттер бойынша төленбейді:

- депозит жабылса;

- 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап 2023 жылдың 23 ақпанына дейінгі кезеңде (қоса алғанда) депозит бойынша тұрғын үй заемына көшкен, оның ішінде автоматты түрде көшкен салымдар бойынша;

- онлайн табыстау арқылы сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.

Ескеретін жәйт, егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозит қамтамасыз ету ретінде берілген салымы болса, онда ол да тиісті өтемді алады. Жақын туыстарға (тегін) тағайындалған салымдар, сондай-ақ біріктірілген депозиттерге де өтемақы беріледі.

Алпыс мың көлікке оқтам болмайды

Пятница, 28 Октябрь 2022 06:11

argynbekova-jolairyk

Үшінші мегаполистегі Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырығы салтанатты түрде пайдалануға берілді. Республика күніне арналған іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және тиісті басқарма басшылары, мердігер компанияның жетекшілері қатысты.

– Бұл жолайырық былтырдан бері техникалық түрде ашылып, қала тұрғындары пайдаланып келеді. Жобаға қосымша жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткелдері салынып, айнала абаттандырылды. Бұл – мегаполистегі ірі жобаның бірі, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Қала әкімі бастаған топ шынар ағашының көшеттерін екті, жолайырықпен кеңірек танысып, жаяу жүргіншілер арналған өткелдермен жүріп көрді.

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері берген мәліметке сәйкес, қаланың бас жоспарына сәйкес қолға алынған жолайырықтың құрылысы 2020 жылдың қазан айында басталған. 2021 жылдың соңында, көлік кептелісін азайту мақсатында, техникалық тұрғыда көлік қозғалысы үшін ашылған болатын.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесі бойынша 2019 жылы Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесі қиылысының өткізгіштігі тәулігіне 27 775 көлік болса, бүгінде бұл көрсеткіш тәулігіне 66 мың көлікке жуықтайды.

Страница 3 из 53