Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптары

Среда, 22 Июнь 2016 11:50 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3919 раз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың алдында жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде Елбасы Қазақстан мемлекеттілігін нығайту үшін бес институттық реформа ұсынды. Оның бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету. Институттық реформаларды іске асыру мақсатында 100 нақты қадамнан тұратын Ұлт жоспары әзірленді.  

100 нақты қадамға негізделген Ұлт жоспары – жаңа тарихи жағ­дайларда еліміздің дамыған мем­лекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Оны қадам-қадаммен орындау мемлекетімізді одан әрі дамытуда оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Заңның үстемдігін қамта­масыз ету мақсатында еліміздің құ­қықтық жүйесін дамыту мә­селелері бойынша, 19 мақсатты қадам көзделген. Олардың бірі – судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін айқындау және біліктілік талаптарын қатайту.
Еліміздің сот жүйесі құқық үс­темдігін қамтамасыз ету мәселе­лерінде барынша тиімді екенін жеткілікті көрсетуде. Бүгінде сот жүйесі заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін және қазіргі заманғы құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде жалпыәлемдік стандарт­тарға сәйкес келетін биліктің бір тармағы ретінде қалыптасқанын нық сеніммен айтуға болады. Алайда жаһандық және ішкі сын-қатерлер сот жүйесінің қызметін әлі де жоғары деңгейге көтеруді, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін айқындап, біліктілік талаптарын қатайтуды, судьялардың жауапкершілігін күшейтуді талап етеді. Соттарда қаралатын азамат­тық, қылмыстық, әкімшілік іс­тердің санаттары бойынша, қо­ғам­дағы өзгерістерді, нарықтық қатынастардың дамуын байқауға болады. Егер кезінде азаматтық процестер негізінен жұмысты қалпына келтіру, тұрғын үйден шығару, ерлі-зайыптылар ара­сындағы мүлікті бөлу, алимент өндіру, денсаулыққа келтірілген залалды өндіру бойынша жүр­гізілсе, нарықтық бәсекелестікке байланысты барған сайын күрделі бола түскен сот істерінің жаңа санаттары пайда болуда. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке ұрлық, бұзақылық жасаған, мас күйінде дене жарақаттарын сал­ған, төбелес кезінде кісі өлтірген кінәлілер тартылса, қазір осы тектес қылмыстық әрекеттер неше түрлі ұйымдасқан топтардың алдын ала жоспарлауы, қарула­нуы, қаржыландыруы және қыл­мыстық қоғамдастыққа қатысуы арқылы жасалынады. Бұл судья­лардан өздерінің біліктілігін арттырумен айналысуды, қазіргі жаңа заңдарды тереңірек зер­делеуді талап етеді. Атап айтқанда, судьялыққа кандидаттар үшін жас шегін 30 жасқа дейін арттыру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Соттарда басқа кандидаттар­дың тағылымдамадан өту мерзімі де бір жылға дейін көбейтілетін болады. Бұл ретте тағылымдама судьяның лауазымдық жалақы­сынан 50-ден 70%-ға дейінгі мөл­шерінде стипендия төлей отырып, кандидаттың негізгі жұмысынан босату түрінде өткізілетін болады. Судьялыққа кандидатқа қойы­латын осы талаптар өте орын­ды. Өйткені судьялыққа кандидаттың сот процестері өтуі кезінде үнемі болуы, істерді қа­рауға дайындау үшін қатысуы, сот жұмысының ұйымдастыры­луын зерделеуі оның осы жауапты жұ­мысқа кәсіби және психоло­гиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін анықтауға, маман­дығын дұрыс таңдауына мүмкіндік береді.

Судья лауазымына тағайын­далғаннан кейін жүктелген мін­деттерді атқара алмауға, судья жұмысына дайын еместігін сезі­нуге байланысты субъективті себептермен бір жыл ішінде осы лауазымнан өз еркімен кету фак­тілері мұндай талаптарды қою қажеттігін дәлелдейді. Жаңадан тағайындалған судья­лар үшін тағы бір маңызды жаңалық – бір жылдық сынақ мерзімін енгізу. Сынақ мерзімі кезеңінде олар әкімшілік, сондай-ақ күрделі емес қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын бо­лады. Сынақ мерзімі аяқталған соң оның нәтижелері облыстық соттың жалпы отырысында тал­қыланады. Сонымен бірге жас судьяны тәртіпке үйрету үшін жаңадан тағайындалған судьяға жұмыс істейтін судьяның кепіл болуы институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылады.
Елімізде әлеуметтік жағдай­дың жақсарып, экономиканың тұрақтануы – Елбасының құқық қорғау, соның ішінде сот сала­сындағы реформаларды жүргі­зудегі сарабдал саясатының нә­тижесі. Заңның үстемдігін қамта­масыз ету шеңберінде әзірленген іс-шараларды іске асыру сот төрелігін атқару сапасын жақ­сартуға, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыруға, Қазақстанның сот жүйесі қызметін құқық үстемдігінің әлемдік рейтингінде жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік тудыратынына сенімдіміз.

Феруза БАЛТАЕВА,
ОҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы 

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.