Мәміленің тиісті түрде рәсімделмегені міндеттемелерге әкеп соқтырмайды

Пятница, 27 Май 2016 03:57 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 4972 раз

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотымен талапкер О.В. жауапкер О.К. ақшалай қаражатты өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап арызда жауапкер талапкердің әжесі екенін, екі жыл бұрын ауызша келісім бойынша жылжымайтын мүлкін сыйға тартуға уәде еткенін негіздеген. Сондықтан, талапкер сол жылжымайтын мүлікке қатысты меншік құқығын иеленбей тұрып, өзінің қаражатына сол меншікте тұрғын үй құрылысын бастаған. Бірақ, тараптар тарапынан уақтылы тиісті мәміле рәсімделмеген. Сотта мәміленің рәсімделуі мен қаражаттың құрылысқа жұмсалғанын растайтын дәлелдемелер ұсынылмауына байланысты сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

                                                                                   А.Мұстафина

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.