Ортақ мүлікті өз қалауымен жарату жауапкершіліктен босатпайды

Пятница, 27 Май 2016 03:55 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 3014 раз

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Абай аудандық сотымен талапкер А.М. жауапкерлер Е.А., Т.Н., мүдделі жақ ОҚО Нотариалды палатасына тұрғын үйге қатысты сату-сатып алу келісім шартын жарамсыз деп тану және сот шығындарын өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды. Себебі, талапкер даулы сату-сатып алу келісім шартын рәсімдеу барысында ортақ меншік иесі ретінде нотариалды куәлендірілген жазбаша рұқсат бермеуіне байланысты рәсімделген мәміле туралы білмегендігімен негіздеген. Алайда, мәмілені рәсімдеу барысында меншік иесі өзінің заңды некеде тұрмайтыны туралы нотариалды куәлендірілген арызбен дәлелдеуіне байланысты сатып алушы тарапынан сатушының талапкермен заңды некеде тұратыны туралы мүлдем хабарсыз болған. Сондықтан, сот, тұрғын үйге қатысты жасалған мәміленің мазмұны тараптардың нақты ниеттері мен іс-әрекеттеріне сәйкес келген деген тұжырымға келді. Яғни, сатып алушы Т.Н. даулы мүліктің адал сатып алушысы деп табылған.  

Сонымен қатар, сот шешімімен талапкерге жауапкер Е.А.-ден, яғни оның рұқсатынсыз өз қалауымен сатқан жұбайынан ортақ мүліктің жарты құнын өтеу құқығы түсіндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енбеген.

Шымкент қаласының
Абай аудандық сотының судьясы И.В.Гаврикова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.