Татуласу келісімі бекітуіне байланысты азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды

Пятница, 27 Май 2016 03:58 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 5069 раз

 

ОҚО Шымкент қаласы Абай аудандық сотының ұйғарымымен талапкер М. жауапкерлер А., Ш., А., А.-ға басқа тұрғын үй берілместен тұрғын үй-жайдан шығару туралы азаматтық ісі бойынша татуласу келісімі бекітілді.

Сот отырысында істі қарау барысында тараптар келесі шарттар негізінде татуласу келісімін жасады: жауапкерлер талапкердің Банк алдындағы барлық қарыздарын 2016 жылдың мамыр айының 30-ші жұлдызына дейін төлеуге міндеттенді, ал талапкер өз кезегінде егер жауапкерлер өз міндеттемелерін орындаған жағдайда талап арызбан бас тартып, тұрғын үйді сату-сатып алу шартына қол қоюға міндеттенді.

      

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

                                                                                                                                                      

                                                                                                                                   А.Мұстафина.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.