Қала әкімі қаламгерлерді құттықтады Избранное

Пятница, 30 Июнь 2017 06:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5578 раз

DSC 3548

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Шымкент қаласының әкімдігі ұйымдастырған мерекелік кеш қаладағы «Атлас» мейрамханасында өтті.

«Ақпарат» десе ішкен асын жерге қойып, күндіз күлкісін, түнде ұйқысын қиып жүре беретін тынымсыз журналистер қауымын қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құттықтады.
– БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне Шымкент қаласының әкімі ретінде екінші рет қатысып отырмын. Бұл мереке маған да ерекше ұнайды. Күнде жұмыс барысында жүздескенімізбен, сіздердің кәсіби көңіл күйлеріңіз басқа. Ал мереке күні әрқайсыңыз ерекше жадырап отырсыздар. Сіздердің осылай ашық-жарқын әңгімелесіп, жайнап тұрған жүздеріңізді көру бір ғанибет. Қай тақырыпта мақала жазсаңыздар да сіздер тек халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрсіздер. Сондықтан БАҚ өкілдеріне «мына тақырыпты ғана жаз» деп шарт қоюдың қажеті жоқ. Бастысы, жазарларыңыз таусылмасын! Халыққа айтар сүйінші хабар мен билікке ой тастар салмақты дүниелеріңіз көп болсын, – деді ол.

kala-jurnalister 1


Шаһар басшысы Шымқаланың жаңалықтарын республикалық деңгейде жариялап, еліміздің және әлемді елең еткізген ақпараттарды жергілікті тұрғындарға жеткізіп жүрген бірқатар журналистерге «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтар тапсырды. Мемлекет басшысының саясатын насихаттауға үлес қосып жүрген БАҚ қызметкерлерін қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров марапаттады.
Халық пен билік арасында алтын көпір бола білген жаңалықтың жаршыларын одан әрі «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов құттықтады.

kala-jurnalister 2

Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы салтанатты кештің қонағы болған әрбір журналистке бағалы сыйақы табыстады. «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директор – бас редакторы Айгүл Жарылқасынқызы қала әкімінің «Дипломымен» марапатталды. Ал шаһар басшысының «Алғыс хатына» әріптестеріміз Сәбит Тастанбек, Әсел Хамзина, Ақмарал Молдиярқызы ие болды.
Журналистердің құрметіне жайылған дастархан достық әзілге, әсем ән мен көңілді биге ұласты.

Последнее изменение Пятница, 30 Июнь 2017 09:12
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.