Елге қызмет ету – үлкен мәртебе Избранное

Пятница, 24 Июнь 2016 05:11 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4452 раз

Бүгінде Шымкент қаласы әкімдігі қарамағында 500-ден астам мемлекеттік қызметші бар. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов атаулы күнге байланысты, оларды төл мерекесімен құттықтап, 40-қа жуық маманға Алғыс хат табыстады.

 MG 4715

– Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін өте маңызды институт. Елдің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Сондықтан қаланың қоғамдық-саяси дамуына атсалысып, білім мен жігерді елдің қалыптасуына арнағандарыңыз үшін алғысымды білдіріп, мерекемен құттықтаймын. Халық алдындағы міндетімізді барынша жауапкершілікпен атқаруға шақырамын, – деді қала әкімі Ғ. Әбдірахымов.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді спортпен тұрақты түрде айналысуға шақырып, қаладағы ең танымал үш фитнес-клубқа 30, 35, 50 пайыздық жеңілдік сыйлады. 

Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар Ант қабылдады. Жиналған көптің алдында Ант берген жас маманның бірі – Шерхан Кеңес. Ол жуырда Абай ауданы әкімі аппаратының мәдени-ағартушылық бөлімінің бас маманы болып, еңбек жолын бастады. 

– Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, оларға қолымнан келгенше көмектесемін деп ойлаймын, – дейді ол.

Салтанатты шара соңы жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Последнее изменение Пятница, 24 Июнь 2016 05:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.