ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖАҺАНДЫҚ ҮРДІС

Пятница, 12 Апрель 2024 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 62 раз

Мемлекетіміздің заман талаптарына сай болуы, экономикасы мен қоғамдық қарым-қатынастары дамыған елдердің санатына жетуі – тәуелсіздіктің басты мақсаты. Осы орайда елімізде көптеген игілікті істер атқарылуда. Соның бірі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы.

 

Бағдарлама ел тұрғындарының өмір сапасын жақсарту, ақпараттық технологияларды мемлекеттік жүйеге ендіру мақсатында қолға алынған. Бүгінде Қазақстанда онлайн сауда нарығы дамып келеді. Үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, түрлі операцияларды орындауға мүмкіндік бар. Ертеректе кезекте тұрып, уақытты сарп етіп, төлем жасау үшін арнайы мекемеге бару қажет болатын. Бүгінде төлемді, оның ішінде салық, айыппұл, коммуналдық қызмет ақысын қашықтан төлей аласыз.
Дәл солай цифрлық технология білім беру процесіне де сатылап еніп отыр. Яғни, дəстүрлі құралдарды тиімді түрде толықтыратын жаңа құралдар ұсынылып, педагогтар əдістемелік жүйеге енгізіп те үлгерді. Сонымен қатар, халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өмір сүру сапасын жақсартуға, оқу-тәрбие процесін жеделдету мен жеңілдетуге, балаларға,ұстаздарға ата-аналарға жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп отыр.
Цифрлық технологияны пайдалану оқу процесінің тиімділігін арттыра түседі. Цифрлық білім беру ресурстары – оқудағы көрнекілік құралы, педагогтардың тәжірибелік дәрістеріне көмекші, сондай-ақ үй тапсырмаларын бақылау мен бағалау, сызбалармен, кестелермен, графиктермен, шартты белгілермен жұмыс істеп, мəтін жазып, қателерді түзетуде маңызы зор.
Цифрландыру – жаһандық үрдіс. Бұл үрдістен бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуды және халқының тұрмыс сапасын жақсартуды ойлаған мемлекеттердің ешбірі бас тартпайды. Қазақстан осы елдердің қатарында.

Эльмира ЕДІЛБАЕВА,
Шымкент қаласы білім басқармасының
политехникалық колледжінің жалпы пән оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.