Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары) қоғамдық бақылауды қалай жүзеге асырады?

Среда, 27 Март 2024 05:54 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 150 раз

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 41-бабының 1-1-тармағына сәйкес, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу және бұл туралы халықты хабардар ету мақсатында қоғамдық бірлестіктері мен қауымдастықтары (одақтары):

1 Тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына бару;

2 Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына барған кезде жаалатын әрекеттердің фото, аудио, бейне тіркелуін қолдану;

3 Сатушының белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу шартымен, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарында өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

бас маманы А.Алдаберген

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.