«Fitness park kz» жобасы қала тұрғындарын түрлі спортпен шұғылдануға, үйретуге бағытталған. Сондай-ақ, барлық спорт түріне тегін қатысуға мүмкіндік бар. Бұл жоба қазан айының соңына дейін жалғасады.
Спорт жобасы қаланың төрт саябағында өтеді. Олар – Металлург, Орталық, Жеңіс және Дендросаябақтары. Оқытуды білікті нұсқаушылар мен жаттықтырушылар жүргізеді. Жастарға қолайлы болу үшін барлық жағдай қарастырылған.
Жоба жастардың денсаулығының мықты, жігерлі болуына септігін тигізбек. Қатысушылар жаттықтырушылармен бірге өткен тұрақты сабақтан кейін алғашқы нәтижелерді сезініп, спортпен айналысуын жалғастырады деп күтілуде.