Шымкенттіктер үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орны. Онда қаланың тұрғындары мен қонақтары таңның атысынан кештің батуына дейін ағылады. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес. Өйткені, Қошқар ата өзені суының емдік қасиеті мол.
Шаһарда шағынаудандар мен тұрғын алаптардың инфрақұрылымын жақсартуда құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жұмыстары қаланы дамытудың жоспары аясында жүріп жатыр. Бұдан бөлек, тұрғындардың қала әкімі Мұрат Әйтеновпен кездесулерінде көтерілген мәселелер де дер кезінде шешімін тауып жатыр. Сондай кездесудің бірі Қызылсай тұрғын алабында…
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы және атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Біржан Әзімбердиев 2023 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы өнеркәсіп, инвестиция, шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, сауда бағыттарындағы жұмыстарды баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының» ассоциациясы «Әйел – ана, әйел – өмір, әйел – жар» тақырыбында кездесу өткізді. Қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шараға Қазығұрт шағынауданы әйелдері қатысты.
Шымкентте қонақ үй және мейрамхана бизнесі әкімшілерінің біліктілігін арттыру мақсатында семинар тренинг өтті. Туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырған бұл іс-шараға көршілес елден білікті мамандар келіп қатысты. Тренингте, қызмет көрсету саласының әкімшілері өз білімдері мен дағдыларын кеңейтіп, туристік…
Шымкентте жерлеу аймағы толығымен пайдаланылған зираттар саны 13-ке жетіп, арнайы комиссия шешімімен жабылуға ұсынылды. «Зираттар мен жерлеу объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына, «Зираттарды жобалау және күтіп ұстау» ережелеріне сәйкес келмейтіндіктен, биыл шілде айында Қаратау ауданы аумағындағы жерлеуге арналған зират орындарының толымдығын анықтау және жабуға ұсыныс…
БЕС ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖҮЗДЕН АСА АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ
Пятница, 28 Июль 2023 04:35 Автор Редакция
Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы – 21 азаматқа, 2020 жылы – 101 азаматқа, 2021 жылы – 416 отбасыға қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. Ал, 2022 жылы…
ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН ЖАҚСАРТУ – ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ
Пятница, 28 Июль 2023 04:33 Автор Айдар Құлжанов
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсарту – жергілікті биліктің алдында тұрған ең маңызды міндет екенін айтқан болатын. Президент, әсіресе, ірі қалалардағы орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандар мен елді мекендердің жағдайына баса назар аударып, ондағы инженерлік-коммуникациялар мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді жүйелі…
Шымкент қаласы Қазығұрт шағынауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебіне бүгінде күрделі жөндеу жұмысы атқарылып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысып, жұмыстың сапасын бақылады.