ЕКІ АЙДА 982 ТҰТЫНУШЫДАН ӨТІНІШ ТҮСТІ Избранное

Среда, 27 Март 2024 05:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 151 раз

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Сауда қызметін реттеу және тұтынушылырдың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Оспан Әбиев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндады.

BrifKrisha

 

Департаментке 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы сомасы 85,8 млн. теңгені құрайтын 982 өтініш түскен. Оның 39,2 млн. теңгесі қайтарылды.
— Биыл «Белый Ветер KZ» ЖШС-ні компьютер бойынша сотқа беріп, талап-арызымыз ішінара қанағаттандырылған болатын. Нақтырақ айтсақ, 506 мың теңге тауарға төленген ақша, 50 мың теңге моральдық шығын және 150 мың теңге көлеміндегі өкілдік шығыстар бойынша соттың оң шешімі шықты. Сондай-ақ, биыл қаңтар айында тұтынушының сапасыз төселген жол бойынша Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қатысты сотқа талап-арызы жолданды. Нәтижесінде, сапасыз жолды қалпына келтірудің орындау мерзімі бекітілген соттың оң шешімі шықты. Одан бөлек, «Hyundai Auto Kazakhstan» ЖШС-ге қатысты сот процесі жүруде, — деді Оспан Әбиев.
Департамент басшысының орынбасары «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға өзгерістер енгізу жоспарларып жатқанын тілге тиек етті. Нақтырақ айтсақ, тұтынушылардың құқықтарын жан-жақты қорғау мақсатында Olx.kz, Kolесo.kz, Krisha.kz және т.б. сайттар арқылы өз мүлкін сатуға ниетті меншік иелері үшін базалық ережелер белгілеу ұсынылады.
Сонымен қатар, заңға сәйкес, тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда сотқа дейін төрт сатыдан өтуі қажет (наразылық хат жазу, медиацияға жүгіну, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті немесе қоғамдық бірлестікке арыздану, сотқа жүгіну) еді.
— Сот процесінің мерзімін азайту мақсатында үрдісті төрт сатыдан екі сатыға дейін кеміту, яғни шағым жазып, шағымнан кейін бірден сотқа жүгіну жолы қарастырылуда,- деді Оспан Оразбайұлы.
Департамент өкілі ҚР Сауда және интеграция министрлігінің «Сапалы өнім» тұжырымдамасы аясында Шымкент қаласында Ситуациялық штаб құрылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығы жайлы хабардар етті.
— Бүгінде Штаб құрамына біздің департамент, Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық департаменті, Шымкент қаласы бойынша техникалық реттеу және метрология департаменті және «Орынтай Сейдалиев», «Дулат», «Тұтынушылық бақылау», «Тұтынушылық қауіпсіздік» және «SR Қазақстандық лигасы» сияқты қоғамдық бірлестіктер кіреді, — деді департамент басшысының орынбасары.

Абылайхан ОРАЗАЛИЕВ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.