Ақпараттық-коммуникациялық орталығының брифинг алаңында Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрлан Тілеш ауданды дамыту бағытында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпаратымен бөлісті.
«GraMad» сауда желісінің 24-ші нүктесі қаламызда халық тығыз орналасқан Тұран шағынауданында ашылды. 17 мыңға жуық халық тұратын шағынаудан енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тұрғындармен кездесуі барысында жиі көтерілетін маңызды мәселенің бірі — жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу.
БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Среда, 16 Август 2023 04:21 Автор Редакция
ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, республикалық бюджеттің атқарылуы және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері қаралды.
Шымкент қаласы «Еңбек мобильділігі» орталығының ұйымдастыруымен Тұран аудандық «Мансап» орталығында кезекті «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің өтуіне қалалық Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар рухы» ұйымы қолдау көрсетті.
Шымкентте жастар арасындағы қылмыс, буллинг және психотропты есірткі заттарының алдын алу, құрбан болған жастарды қорғау мақсатында бірқатар оқу орындары мен жатақханаларға сенім жәшігі орнатылды. Бұған дейін мұндай жәшіктер тек сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен арыз-шағым үшін ғана қойылатын.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын.
Шымкент қаласы халқының саны 2027 жылға дейін 1 миллион 450 мың адамға, ал, 2035 жылға қарай 1 миллион 850 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Мамандар қаланың жаңа Бас жоспарында осындай болжамдарды көрсетіп отыр. Сәйкесінше, Бас жоспар халық санының осылай өсуін негізге ала отырып, тұрғындардың жайлы…
Елімізде балалардың болашағы үшін барлық жағдай жасалып келеді. Бүгінде қай аймақты алсақ та, түрлі үйірмелер мен оқу орталықтары көбейген. «Ағылшын тілін үйретеміз», «менталды арифметика», «жылдам оқу курстары» деген сияқты жарнамалардан көз сүрінеді. Бірақ ондай үйірмелердің ақысын төлеуге баланың болашағына алаңдаған ата-ананың бірінің жағдайы келсе, бірінің…
Қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында ауғанстандық «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап Шымкентте жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусын шығаратын зауыт салу жоспарын талқылады. Бұл кәсіпорын 300-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен…