Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Отырысқа құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.
Шымкентте қаншама қазақтың баспаналы болуына қолайлы жағдай жасаған «Отбасы банктің» тағы бір кеңес беру орталығы ашылды.
Бүгін – Шымкент шаһарының туған күні. 19 маусым – Шымкент қаласы тұрғындары үшін тарихи күн. Үшінші мегаполис мерекесінің жаңа тарихы 2018 жылдан бастау алады.
Шымкентте биыл ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесін ерекше өткізу жоспарланған болатын. «Ақмешіт» орталық мешітінде Құрбан айт намазы оқылған соң мешіт жамағаты үшін қой көтеру, кір тасын көтеру, арқан тартудан жарыс өткізілді.
Шымкентте қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Алғашқы лекте Шымкент қаласының Еңбек мобильдігі орталығына 1 162 адам өтінім беріп, бизнес-идеяларын ұсынған. 4-11 маусым аралығында үміткерлер комиссия алдында жобаларын қорғап, нәтижесінде 214 адамға қайтарымсыз грант мақұлданды.
Бұған дейін көлік құралдарын қайта тіркеу үшін автокөлікті сатып алу-сатудың нотариалды куәландырылған шарты қажет болатын. Енді мамандандырылған ХҚКО қызметкері электрондық құжатты жүйеде қалыптастыра алады, ал сатушы мен сатып алушы eGov mobile қосымшасының көмегімен QR-код сканерлеу арқылы құжатқа қол қоя алады.

AVTOBYS ҚОСЫМШАСЫ

Пятница, 14 Июнь 2024 06:39 Автор
қызметті жақсартып, жұмысты жеңілдетеді Шымкентте тұрғындар жол ақысын енді Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталарымен оңай төлей алады.
Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбеков Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ұжымымен кездесіп, жаңа басшы Салдарова Арайлым Құрбанбекқызын таныстырды. Ұжыммен бірге шығармашылық идеялар мен өзекті мәселелерді талқылады. Театр ұжымына қала мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Шымкентте білім алушыларға тәулік бойы қызмет ететін коворкинг орталығы ашылды. Орталық Ж.Тәшенов университетінің ғимаратында орналасқан. Ашылу салтанатына Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ ректорының міндетін атқарушы Гүлжан Дәулетбекқызы, Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар…

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Среда, 12 Июнь 2024 06:41 Автор
«прокурорлық сүзгіден» өтеді Шымкент – инвестиция тартуға ыңғайлы қала. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Шаһарда бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Жуырда «Shymkent Invest» кеңсесінің ашылуы осының айғағы. Мұнда жергілікті және шетелдік инвесторларға жоба басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін қолдау шараларымен…