Шымкент – жасыл желегімен, саябақтары мен ондағы ағаштардың алуан түрлілігімен ерекшелетін қала. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында мегаполистегі саябақ, гүлзарларда да көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай саябақтардың бірі – Еңбекші ауданында орналасқан «Қазақстан-Түркия достастығы» саябағы.
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында да жалғасып жатыр. Тұрандықтар #TazaShym тазалық шарасын қаланың «күре тамыры» – А-2 айналма жолының бойынан бастады.

Сіз де өз үлесіңізді қосыңыз!

Пятница, 12 Апрель 2024 04:57 Автор
Су тасқыны орын алған өңірлерге Шымкенттен гуманитарлық көмек лек-легімен жіберілуде. Ол үшін қалада арнайы қабылдау пункттері ашылып, халықтан келіп түскен қажетті заттар мен азық-түліктер жинақталып жатыр. Орталықтағы қабылдау пункттерінің бірі – Жастар ресурстық орталығы.

АЗАМАТТАР ҰСЫНЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:56 Автор
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қабылдауына жазылған 53 азаматтың мәселесін тыңдап, шешімін қарастырды.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі Елсияр Қанағатов Шымкент қаласына арнайы іссапармен келді. Жұмыс сапары аясында биыл Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан қатысатын спортшылардың дайындығын пысықтап, бірқатар мәселелерді талқылау үшін жауапты өкілдермен кездесу өткізді.

ОҚУШЫЛАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Пятница, 12 Апрель 2024 04:54 Автор
Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.

Ерте қаралғанның емі шипалы

Пятница, 12 Апрель 2024 04:52 Автор
Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді уақтылы анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға болады. Сондықтан да елімізде белгіленген уақыттарда халық денсаулығына скринингтік тексеру жүргізіледі.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебін беріп, 2024-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды.
Шымкентте қалалық қоғамдық көлік қызметінің арнайы кездесуі өтіп, онда қаладағы қоғамдық көліктердің жай-күйі мен өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиында қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындардың өтініш-тілектері мен қызмет сапасын арттыру мәселелері қаралып, Шымкент қалалық полиция департаменті, көліктік бақылау инспекциясы, төлем компаниясы, тасымалдаушы мекемелердің өкілдері өзекті сұрақтарға…
Еңбекші ауданы – Шымкентте өндіріс орындары шоғырланған аумақ. Ауданда 18 тұрғын алап, 11 шағынаудан бар. 728 көше мен өткел, 1 саябақ, 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан. Халық саны 228 830-ге жетті. Ауданда тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін қандай жұмыстар атқарылып…