Үлгілі мемлекеттік қызметші

Пятница, 15 Сентябрь 2023 07:25 Автор
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен төзімді қажет ететін, ел игілігіне бағытталған абыройлы міндет. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болу үшін түрлі этаптардан, сонымен қоса сынақ мерзімінен өту керек. Көп ішінен іріктеліп, оза шыққан маман мемлекеттік қызметші атанады Мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек ету үлкен күш-жігерді…

Өз емханаңды таңда!

Пятница, 15 Сентябрь 2023 04:54 Автор
Шымкентте медициналық емхананы таңдау науқаны басталды. Бұл науқан 15 қыркүйектен басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сауле Сансызбайқызы баспасөз брифингінде хабарлады.
Шымкентте биыл жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жобасы басталғалы бері 300-ден астам азаматтан өтініш түскен. Бүгінгі таңға 164 адам оң қорытындысын алған. Оның ішінде 129 азаматқа шағын несие беріліп, басым көпшілігі өз кәсіптерін бастап кетті.
Шымкенттің аумағы кеңейіп, 2014 жылы қалада жаңа аудан құрылды. Оған жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың ұсынысымен Қаратау атауы берілді. Осы уақыт аралығында Қаратауда жаңа шағынаудандар қосылып, еңселі ғимараттар бой көтеріп, шаһар жаңа бағытта дами бастады. Қаратау ауданына қарасты Тұран шағынауданы – миллионды мегаполистің жаңа келбетін айшықтап, күннен-күнге…
Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1-санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.

5 көше асфальтталады

Среда, 13 Сентябрь 2023 04:52 Автор
Қайтпас шағынауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Биыл осы шағынаудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан Ер Жәнібек және атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент қаласында ҚР ТЖ министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық екі күндік оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, ТЖ департаментінің күштері мен құралдары атсалысты.
Биыл «Еңбек күні» мерекесінде әртүрлі салада қызмет етіп жүрген үздік мамандарға мемлекет деңгейінде құрмет көрсетіледі. Қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін мерекені Шымкент қаласындағы ұйымдастыру барысын мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде баяндады.
Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру.
Шымкент қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл тамыз айында «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы» аясында көппәтерлі 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары басталған болатын. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық 21 көппәтерлі тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары…