Тамыз айының екінші жексенбісі Елбасының Жарлығымен құрыш қолды құрылысшыларға арналды. Төл мерекесін атап өткен құрылысшылардың бүгінгі жағдайы қалай? Құмырсқаның илеуіндей күн сайын шаруасы асып-тасып жататын салаға қызығушылық қай деңгейде? Шымкент қаласының құрылысшылары жайлы деректерді сарапқа салып көрелік.

DSC 8117

Олар салған нысандар

Шаһар құрылысшылары Шымкенттегі құрылыстың барлығының басы-қасында жүр. Қалалық құрылыс басқармасының тапсырысымен 6 жаңа мектепті салуда. Биыл бұған қоса тағы 4 мектеп пен 1 балабақшаны қайта құрудан өткізді. Сондай-ақ, зообақтағы қайта құру кезеңдік жұмыстары мен қолданыстағы саябақта субұрқақ салу жұмыстарына қатысты. Бадам өзенінің мұнай өңдеу зауытынан Забадам елдімекеніне дейінгі аралығын абаттандыру жұмыстарына атсалысты. Құрылысшы күшімен шаһарда 60 көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 1 410 пәтерден тұратын 25 үй биыл пайдалануға берілмек. Бұл – қалалық құрылыс басқармасы тарапынан жасалған тапсырыс негізінде жүзеге асып жатқан жұмыстар.
Бұдан бөлек 8 мектепті күрделі жөндеу, білім ошақтарының ағымдағы жөндеу жұмыстары, қаладағы жол салу, құбыр жүйесін жүргізу, бағана орнату, көшелерді көріктендіру, абаттандыру және Арбат салу жұмыстары да қара күш пен дәлдікті асқан ыждағаттылықпен үйлестіре білетін құрылыс саласының мамандарына жүктелгені белгілі.

DSC 0323

Мегаполистің алғашқы мерекесі

Шымкенттік құрылысшылардың бүгінгі жағдайын білу мақсатында біз «Жол құрылысы, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, жобалау және техникалық қадағалау жөніндегі жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалар қауымдастығының» төрағасы Сұлтанбек Сүгірбаевты сөзге тарттық.
– Биылғы құрылысшылар күні ерекше қуаныш сыйлап отыр. Себебі, Шымкент республикалық маңызы бар ірі мегаполистер қатарына қосылғаннан кейінгі атап өткен алғашқы мерекеміз – құрылысшылар күні, біздің төл мерекеміз! Осы тұрғыда қауымдастық атынан қала тіршілігінің күретамыры болып саналатын құрылысшыларды төл мерекесімен құттықтаймын. Бұл жай ғана сәйкестік емес, келешектегі тіршілігіміздің жандануы дәл осы саладан бастау алатынының шынайы көрінісі, – деді төраға.
Сұлтанбек Шойынбайұлы құрылыс саласында да өзіндік күрделі тұстар бар екенін жасырмады. Мысалы, тексерудің көптігі, бекітілген жобаның қайта өзгеріске ұшырауы, қаражаттың уақытылы бөлінбеуі немесе әр тараптан бөлінуі түрлі қиындықтар туғызғанын айтады.
– Бұрын қаланың алдында облыс болатын. Қалаға бөлінетін қаржы, құрылыс жүргізілетін нысандардың барлығы облыс арқылы өтетін. Облыс бекітетін. Қазір қуанатын да жағы бар, зор жауапкершілікті сезінетін жағы да бар. Қуантатыны – Шымқала өз бюджетін өзі басқаратын, өзі бақылайтын мәртебеге ие болды. Шаһар билігі бұдан былай жобаны бекітіп, қаражатты бөлу жұмыстарына тікелей жауапты. Осы тұста қаланың сәулеті артып, құрылысы жандана түссе, түрлі жаңа нысандар халық игілігіне беріліп жатса, қала жаңа дәрежесін абыроймен алып шығады. Құрылыс жүріп жатқан жерде жаңалық болады. Бұл экономикалық тұрақтылықты, жұмысбастылықты білдірсе, жаңа ғимараттардың, көпқабатты үйлер мен саялы орындардың пайда болуы, жаңа жолдар салынуы қала әлеуетінің артқанын білдіреді. Осы тұрғыда айтатын екі тілегіміз, қаражат бөлініп тұрсын және құрылысшылар түрлі қауіп қатерден аман болсын, – дейді қауымдастық төрағасы.
Қауымдастық жетекшісі құрылысшылардың шешілмеген мәселесін алға тартып, олардың құқығын қорғап, беделін арттыруға жұмыс істейді. Алайда, қауымдастыққа мүше болу тұрмақ өмір бойы қайнаған құрылыстың бел ортасында жүргенімен «жұмыссыз» атанғандар да аз емес. Неге?

Жұмыспен қамту және маман даярлау

Халықты жұмыспен қамту орталығы берген соңғы мәліметтер 2018 жылдың 7 айында 12 919 адам жұмысбасты болғанын айқындайды. Оның ішінде 1825-і құрылыс саласына орналасқан. Сонымен, 1825 адамның 663-і құрылыс саласындағы тұрақты жұмысқа орналасса, 24-і әлеуметтік жұмыстарға тартылып, 1138-і уақытша жұмыспен қамтылған.
Құрылысшы-мамандарды даярлау жөніне келсек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Құрылыс және көлік» факультетінде 6 мамандық бойынша 1226 студент білім алып жүр. Факультет деканы Жеңіс Садықовтың айтуынша, оның 570-і білім грантымен оқиды.
– Алты мамандықтың үшеуі – «Сәулет», «Құрылыс» және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» бойынша құрылысшы-маман оқытамыз. «Сәулет» факультетінде 5 жыл оқып, бакалавр біліктілігін алған түлек жобалау және құрылыс мекемелері мен бөлімдерінде, кәсіби-технологиялық мекемелерде, білім беру (педагогикалық) орта кәсіптік оқу орындарында, сәулет құрылыс саласындағы педагогикалық училищелерде қызмет ете алады. Ал құрылыс мамандығы бойынша «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы», «Ғимараттар мен ғимараттарды есептеу және жобалау», «Жолдар және аэродромдар құрылысы», «Газ-мұнай құбырлары және газмұнай сақтағыштардың құрылысы», «Сумен қамтамасыз ету және канализация» салаларына маманданады. Диплом алғаннан кейін жобалау, ғылыми-зерттеу, құрылыс ұйымдары мен мекемелері, коммуналды құрылымдар, қала құрылысы басқармалары, департаменттері, жол құрылысы, пайдалану және жөндеу ұйымдары мен мекемелері, мемлекеттік автомобиль инспекциясы басқармалары, су арналары, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерінің эксплуатациясын ұйымдастыратын және басқаратын мекемелерде, жылу және энергетикалық орталықтарда (ТЭЦ), су-электр станцияларында, газбен қамтамасыз ететін мекемелерде, су және ауа бассейндерін және қоршаған ортаны қорғау департаменттеріне жұмысқа орналаса алады, – дейді факультет деканы.
Ж.Садықовтың сөзінен ұққанымыз, «Құрылыс және көлік» факультетіндегі тағы бір мамандық – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» бакалаврларын 4 жыл даярлайды. Түлектер темір-бетон бұйымдарын өндіретін зауыттар мен құрылыс материалдар комбинаттарында, құрылыс материалдарын сынайтын мемлекеттік стандарт мекемесінде, құрылыс материалдарының сапасын анықтайтын мемлекеттік сараптама мекемелерінде кәсіби қызмет атқара алады.

Құрылыстағы қауіптен қорғау үшін...

DSC 8128

Құрылыс саласында жүріп «жұмыссыз» атанады. Неге? Осы сұраққа қайта оралсақ. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Ғ.Шариповтың айтуынша, еңбек шартын жасамай-ақ, ешбір құжатсыз жұмысқа тартылатындар құрылыс саласында аз емес.
– Құзырлы органдардың мәліметі бойынша өңірімізде 33 240 мемлекеттік және кәсіпкерлік мекеме бар. Субъектілер ірі, орта, шағын болып тағы бөлінеді. Бұлардың қатарында Шымкент қаласының құрылысына қатыстылардың нақты санын атау қиын, ай сайын өзгеріп отырады. Ал мемлекеттік еңбек инспекторлары тек жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қатынастың заңдылығын реттеп, бақылаумен айналысады, – дейді Ғалымжан Жасұзақұлы.
Дегенмен, еңбек инспекциясының өкілі мынадай қызықты деректерді атап өтті. Қазірге дейін Шымкент шаһарын қоса алғанда Түркістан облысы аумағында 71 мекеме шетелдіктердің қатысуымен жұмыс істеп келеді. Басым бөлігі инвестициялық жобамен қолға алынған құрылыс нысандарында қазір 2173 шетелдік және 19 мыңнан астам жергілікті азамат жұмыспен қамтылған. Құрылыс нысандары көбіне өндірістік орындарында, зауыт салу, газ-мұнай құбырларын тарту сынды жұмыстар болып келеді. Сондықтан мұндай жобаларға білікті шетелдік құрылыс мамандарын тарту үшін мемлекет арнайы квота да бөлген.
– Құрылыс саласында жұмыс істейтін азаматтардың санын нақты айту қиын. Себебі, көптеген мекемелер азаматтық келісім-шартпен жұмысқа тартады. Құрылыс саласындағы күрделі болып тұрған мәселе де осы – бригада-бригада етіп жұмысқа алу. Одан әрі әр бригадир ауызша келісіммен тағы 5-10 адамға дейін жұмыс күшін тартады. Мұндай заңдастырылмаған жұмыс күші алдымен бюджетке түсетін салықтан қағады. Сосын әр жұмысшы әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдіктен шетте қалып қойып жатады. Мәселен, әр жұмысшыға аударылуы тиіс зейнетақы мен салық, МӘМС пайызынан бөлек, олардың әрқайсысына жасалатын жағдайда назардан тыс құтылады. Құрылысшының басында болуы тиіс арнайы киімі, қорғаныс құралымен қамтамасыз етілмейді. Жұмыс уақытында келген зардаптың шығынын өтемейді, – деді Ғ.Шарипов.
Шынында да құрылыс басында жүрген әрбір құрылысшы мердігер тарапынан заңды түрде жұмысқа тартылса, «жұмыссыздар» қатары азаяр ма еді? Биіктен құлап немесе басына ауыр зат түсіп кетпеуі үшін және аяқ-қолын жарақаттап яки уланып қалмауы үшін сақтық шаралары қаралар еді. Әрбір жұмысшының еңбек адамы ретінде қауіпсіздігі бағаланар ма еді... Шағын субъект ретінде тіркелу, бәлкім, жай ғана құрылысшының үлкен кәсіпкерлік өмірінің бастауы шығар? Құрылыс саласындағы осы бір мәселенің салмағы бар. Құрылысшы өз қызметін еңбек шартымен заңдастырса, еңбегіне қай кезде де ақы алатынына кепілдік бар. Сонымен қатар жұмыс барысында төнген қауіп-қатердің шығынын өндіруге жағдай жасалады. Құқығы қорғалады.
Құрылыс жай ғана бір мамандық яки бір сала емес, құрылыс – ел экономикасын алға сүйреуші негізгі локомотивтің бірі. Сондықтан, біз бұл салаға ерекше құрмет танытамыз.

Опубликовано в Қала

Былтыр, яғни 2017 жылы Шымкентте 76 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың 27-сі бюджет есебінен болса, 39-ы Ұлттық компанияның, 10-ы жеке инвестициялар есебінен салынған.

DSC 0070

Енді биыл қалада 162 үйдің құрылысы жалғасады: 56 – бюджет есебінен, 9 – Ұлттық компанияның, 97 – жеке инвестициялар есебінен салынады. 20 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұдан өзге, осы жылы бюджет қаражаты есебінен тағы 21 нысан пайдалануға берілмек: 10 инженерлік инфрақұрылым және 11 әлеуметтік нысан (оның ішінде 7 мектеп және 1 балабақша). Қалада бюджеттік қаржы есебінен басқа жекеменшік балабақшалар салынып, қолданысқа беріліп жатқанын да айта кету керек.

Сондай-ақ, Шымкентте тұрғын үй құрылысына инновациялық шешімдерді енгізу мәселесі қарастырылуда (жылдам әрі үнемді құрылыс жүргізу технологиясы, энергия үнемдеу, құрылыстағы IT шешімдер). Қазіргі таңда инновациялық мәселені кәсіби тұрғыда талқылап, шешу мақсатында құрылыс саласындағы білікті мамандардан консультативті-техникалық кеңес құрылған.

Опубликовано в Қала
Среда, 23 Август 2017 05:31

Жеті ірі айналма жол салынады

DSC 4122

Шымкент қаласында 7 ірі айналма жол салынады. Соның бірі – «Бекжан» базары маңынан орын тебетін Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолының жолайрығы.

Халық көп шоғырланған аумақта шілде айынан бері көшелер жабылып, құрылыс басталып кетті. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ерлан Есіркепов бетон құю жұмыстары қыркүйек айында басталатынын айтты.

– Мердігер «ЖБИ-С» ЖШС-і бүгінде жолайрық табанын белгілеп, топырақ бөлігін аяқтауға жақын қалды. Жобаға қаралған 1,6 млрд теңге қаражаттың 200 млн теңгесі игерілді. Қаражаттың басым бөлігі бетондау жұмыстарына жұмсалады. «Бекжан» базары маңындағы жолайрық құрылысы 2018 жылдың күзінде пайдалануға берілуі тиіс. Дегенмен, біз жол қозғалысындағы кедергілердің алдын алу үшін жұмысты көктем, жаз айларында тапсыруды көздейміз, – дейді Е.Есіркепов.

DSC 4127

Алматы-Ташкент бағытындағы Темірлан тас жолының Ахунбабаев көшесімен қиылысқан тұсынан бүгінге дейін тәулігіне 109 000 көлік жүріп өтетін. Жолайрық пайдалануға берілгеннен кейін бұл көрсеткіш 41 000-ға артып, күніне 150 000 көлікке қызмет етеді деп жоспарланған.

Опубликовано в Қала

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс.

seteldik tazhiribe

Бұл ретте қалаға кіреберіс қақпалар мен жолайрықтарды, айналма және ішкі орам жолдардың сапалы жасалуына аса мән берген жөн. Сондай-ақ құрылыстың басталуын тым ұзартып жіберетін жобалау-сметалық құжаттамалар заманауи үлгіде әзірленуі керек. Бұл туралы Шымкент қаласындағы құрылыс нысандарының барысы талқыланған жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Биыл Шымкент қаласында 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 15 мектеп, 2 спорт, 2 мәдениет, 1 абаттандыру нысандары бар. Аталған 20 нысанның 11-і жыл соңына дейін ел игілігіне тапсырылатын болады. Ал қалған 9 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі.

Бұдан бөлек, қалада жалпы аумағы 151 мың 228 шаршы метрді құрайтын 42 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 26-сы коммуналдық, 16-сы кредиттік тұрғын үй саналады. Соның 30 тұрғын үйі жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс. Қалған 16 үйдің біту кезеңі 2018 жылға өтпелі. 

– Биыл Шымкент қаласында 10 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі күнге 2 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 1 нысанның құрылысы аяқталады деп күтілуде. Ал қалған 7 нысанның құрылысы 2018 жылы пайдалануға берілетін болады, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров.

Мұнан бөлек «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалпы 107 нысанға жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 

2017 жылы Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында 14,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 2016 жылы құрылысы басталған 9 нысанды аяқтауға 1,6 млрд теңге жұмсалмақ. 83 көше орташа жөндеу және 12 аяқжол салу жұмыстарына 970,8 млн теңге бағытталған. Ең маңыздысы – қаладағы 4 жолайрықты ң құрылысына жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Десек те, Шымкент қаласындағы 19 нысанның құрылысы созылып, мерзімінде аяқталмай, пайдалануға тапсыру мерзімі кешігуі анықталып отыр. 19 нысанның 13 нысаны 2015-2016 жылдардан өтпелі болса, 6 нысаны 2017 жылы басталған. Бұған себеп өте көп. Көбінде жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау үрдісі кешеуілдеп, мемлекет мұқтажына қайтарылатын жер телімдерінің мерзімінің созылуы қолбайлау болып отыр. 

– Құрылыстың кешеуілдеуіне кедергілер өте көп. Соның бірі – жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуде. Бұл құжатты әзірлеуге 4 ай уақыт кетеді. Сондықтан шетелдік тәжірибені пайдаланып, әзірлеу жұмыстарын заманауиландыру қажет. Осы ретте мен түркиялық әріптестердің тәжірибесін пайдалануды және өзімізде қолданысқа енгізуді тапсырамын. Тіпті қажет болса, семинар-тренингтер өткізіп, құрылысқа жауапты мердігерлердің де жауапкершілігін арттыруға тиіспіз, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында қаламыздағы Қонаев даңғылын батыс бағытына қарай дамыту әрі аспалы көпірлер мен жолайрықтардың сапалы әрі тиімді болуы тапсырылды.

Опубликовано в Қала

Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс.

DSC 1465-1

Бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Аймақ басшысы ең алдымен «Бозарық» шағынауданындағы 900 орындық мектепке атбасын бұрды. Мұндағы құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған болатын. Жобаның жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгені құрайды. Нысанның бас мердігері «Тұр-Ахмет и компания» ЖШС-гі құрылыс – монтаждау жұмыстарына жоғары қарқынмен кірісіп, мектепті 2018 жылдың сәуір айында ел игілігіне береміз деп отыр. Алайда оқу, спорт және асхана блоктарының жұмыстары өндірістік кестеден 20-30 күнге кешігіп жүргізілуде. Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын кестеге сай жүргізуді қатаң тапсырды.

Мұнан соң өңір басшысы «Бекжан» базары маңындағы жол айрығының құрылысына аялдады. Бас мердігер – «ЖБИ-С» компаниясы нысанды 2018 жылы пайдалануға бермек. Жол айрықтың жалпы құны 1 млрд 737 млн теңгені құрайды.

Әкім назарынан Темірлан тас жолы – Мангельдин көшелері қиылысындағы жер үсті өткелі мен Қожанов көшесіндегі құрылыс жұмыстары да тыс қалған жоқ. Мұндағы жөндеу жұмыстары 2015 жылдың 1 тамыз күні басталған. Жансейіт Қансейітұлы өткелдің құрылысына қажетті 51 млн теңгені тездетіп бөліп, жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Айта кетейік, мұндағы құрылыс монтаждау жұмыстарының жалпы құны 219 млн теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «НурКаз Констракшн» ЖШС. 

20638240 1667386159938056 7266451071256020163 n

Облыс әкімі күтпеген жерден Бәйдібек би және Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан «Қазбек» әмбебап базарына соқты. Саудагерлермен тілдескен әкім базарды жыл соңына дейін «Бозарық» шағынауданы маңында салынып жатқан жаңа базарға көшіруді тапсырды.

Қала аралау барысында облыс әкімі Байтұрсынов көшесіндегі жылу магистральды құбырларын алмастыру барысын да көріп шықты. Мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында Байтұрсынов-Сапарбаев-Рысқұлов көшелеріндегі магистралды жылу құбыры ауыстырылуда. Бұл мақсатта 888,4 миллион теңге бөлінген. Мердігер - "Сити-строй" ЖШС. Жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы - 5,2 шақырым. Қазіргі таңда жұмыс 4 шақырымнан астам жерде жүргізілген. Әбден тозығы жетіп, шіріген құбырлар қапталған жаңа құбырға ауыстырылуда. Олар тат баспайды және жарық пен тесік пайда болған жағдайда хабар беретін құралмен жабдықталған.

– Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі баспана. Сондықтан қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көптеп жүргізуіміз қажет. Екінші мәселе – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қаланың 70 пайызын жеке әрі жер үйлер орналасқандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету аса көп шығынды талап етіп отыр, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Облыс басшысы әкімшілік іскерлік орталығының құрылысымен де танысып шығып коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 орындық мектептің атқарылған шаруаларына оң бағасын берді.

Мұнан соң облыс басшысы Астана даңғылының құрылысы жүріп жатқан аумаққа келді. Мұндағы құрылыстың бірінші тармағы биыл аяқталады. Яғни, Астана даңғылы Арғынбеков көшесіне қосылуы тиіс. Ал келесі жылы құрылыстың екінші кезеңі жүзеге асырылады. Ол кезде Астана даңғылы Өтегенов көшесіне дейін созылады.

Опубликовано в Қоғам

Биыл Шымкент қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 мектеп ғимараты пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжілісте мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы бойынша баяндама жасаған қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Абай Тұрханов мәлім етті.


Баяндамашының айтуынша, қазіргі таңда қала аумағында 7 мектеп және 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге бағытталған. Салынып жатқан 6 мектеп ғимараты биыл жыл соңына дейін, ал 558 пәтерлі 11 тұрғын үй ғимараты алдағы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсырылмақ.

Ал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов бағдарлама аясында қала аумағында салынып жатқан кәріз жүйелерінің бүгінгі ахуалын мәлім етті. Атап айтқанда, бұл бағытта несиелі қайтарма негізінде 4 жоба қарастырылған. Яғни, «Самал», «Самал-2», «Солтүстік-Батыс» және «Қайтпас-1» шағынаудандарындағы 19 көшеге кәріз жүйелері салынып, нәтижесінде, 15 695 абонент қажеттілікпен қамтылмақ. 

Тиісінше, қала аумағын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары 42-ден 49,1 пайызға ұлғаймақ.

– Аталмыш бағдарламаның тиімділігі жөнінде жергілікті БАҚ арқылы тұрғындарға нақты түсінік берілуі тиіс, – деді Ғ. Рахматоллаұлы. 

– Жыл өткен сайын бағдарлама шеңберінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылысы жанданып, бағытталған қаражат пен жұмыс ауқымы айтарлықтай арта түсуде. Әсіресе, «Шымкент сити» және «Әкімшілік-іскерлік орталығында» заманауи талапқа сай бой көтерген нысандар қаланың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге, қаланың сәулеттік кескін-келбетін мегаполис атына сай етуге мүмкіндік берері сөзсіз.

DSC 8873

Күн тәртібінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылған ауқымды шараларға арнайы талдау жасалды. Атап айтқанда, бұл салаға 371 тұрғын үйдің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 7,8 миллиард теңге бағытталған. Оның 85-і биыл пайдалануға беріледі.

Жиынды қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді.


turgyn-ui-59


Қазіргі таңда қала аумағында 7 мектеп және 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Салынып жатқан 6 мектеп ғимараты биыл жыл соңына дейін, ал 558 пәтерлі 11 тұрғын үй ғимараты алдағы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсырылмақ


Опубликовано в Қала

Қошқар ата өзенінің бастауында жаңа шағын-аудан салынады. Бұл бағытта өзен маңайындағы ескі үйлерді бұзып, осы ауданды көркейтуге қатысты «Жаңарту» бағдарламасы қабылданған. Құрылыс 2018 жылы басталмақ.

qoshqar ata

Жаңартылуы тиіс ауданның жалпы көлемі – 29 гектар. Енді Қошқар ата өзенінің оң жағалауындағы 460 нысан сүрілмек. Соның ішінде 420 жекеменшік үй бар. Бұл нысандар сүрілген соң орнына 9 және 12 қабатты 61 үй, балабақша салынады. Ал мұндағы мектеп кеңейтіліп, танымастай өзгереді. Сала мамандары бұл орайда нысандар құрылысы тұрғындарға кедергі келтірмейтінін айтады.

Үйлерді мемлекет мұқтажына алу мәселесі біртіндеп шешіледі. Бұл тұста бірнеше жол қарастырылған. Яғни, бірінші жолы бойынша тұрғындарды уақытша үйлерге көшіріп, құрылыс аяқталған соң бұрынғы үйлерінің ауданымен тең болатын пәтер беріледі. Өзге жолы ретінде тұрғындардың үйлері бағаланып, сатып алынбақ. Енді бұл екі жолды тұрғындардың өздері таңдайды.

Бұған қоса, қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің бастауынан Ордабасы алаңына дейінгі сағасын кеңейту жобасы талдануда. Өзен жағасындағы өсіп тұрған ағаштар толық сақталады.

Опубликовано в Қала

Қаланың көркеюі, жыл сайын жаңа нысандармен, жолдармен, ғимараттармен толығуы, әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуы, инфрақұрылымдық дамуы – құрылыс саласы жұмыстарының қарқынды жүруіне тікелей байланысты. 2016 жылы Шымкент қаласының құрылыс бөлімі нендей жұмыстар атқарды? Жылдық жоспарды орындай алды ма? Келер жылы қандай жаңалықтармен қуантады? Бұл сұрақтарды құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Тәжібай Дүйсенұлы Егетаевқа қойған едік.

DSC01579

– Тәжібай Дүйсенұлы, әңгімемізді құрылыстың қыр-сырынан бастайықшы. Әр адамның жеке үй салғаны мен үлкен нысандардың құрылысын жүргізудің айырмашылығы көп. «Мына жерге жаңа ғимарат түседі екен» деген сыбыс шыққаннан кейін құрылыстың басталуына ұзақ уақыт кететінін байқаймыз. Ал басталғаннан кейін лезде аяқталады. Мұның сыры неде?

– Расында да білмейтін адамдар үшін құрылыс тым кеш басталып жатқандай көрінеді. Бірақ, жұмысты бастағанға дейін атқаратын шаруалар өте көп және ол күн сайын бой көтеретін нысан сияқты көзге көрініп тұрмайды. Мәселен, құрылыс жүргізетін жерді дайындаудың өзі бірнеше этаптан тұрады. Алдымен жерді заңдастыру жұмыстары жүреді. Мұндайда жоба жасалған жерде біреудің бір қазығы қағылса да оны сот шешімімен ғана қозғауымыз тиіс. Кейде сондай мәселелердің өзі көп уақыт алады. Одан кейінгі кезекте жер қазба жұмыстары бірнеше кезектен тұрады. Дәл осылай пайдаға жарататын құрылыс заттарының барлығын лабораториялық тексеруден өткіземіз. Нәтижесіне қарай сапалысына таңдау жасаймыз.

– Түсінікті. Солай болса да, қалалық құрылыс бөлімі тарапынан биылдыққа 57 нысанның құрылысы жүргізіліпті...

– Әрине, бізде тоқтауға уақыт жоқ. Себебі, алдағы әр жыл бұдан да көп жоспарды дайындап отыр. Биыл құрылыс саласын жандандырған 57 нысанның бірқатары 2015 жылдан өтпелі. Ал 2016 жылы басталғаны тағы бар. Оның 27-сі тұрғын үй. 18-і әлеуметтік нысандар, 12-сі инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы.

– Тұрғын үй құрылысы туралы қысқаша айтып өтіңізші?

3 3

– Бүгінгі таңда Елбасымыздың тапсырмасымен «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және басқа да стратегиялық маңызы бар Жолдаулар елдің әл-ауқатын арттыру, баспанамен қамту мәселесіне де бағытталған. Осы орайда, Шымкент қаласында 27 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жаз бойы тынымсыз жалғасты. Бұл – жалпы ауданы 122 678 шаршы метрді құрайтын 2286 пәтер қамтиды. Оның ішінде арендалық-коммуналдық 3, жас отбасыларға арналған 1 көпқабатты үй 2015 жылдан өтпелі. Ал 23-інің құрылысы 2016 жылы басталды. 11-і «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне» қарасты. Құрылысы келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Тағы 12-сі арендалық-коммуналдық тұрғын үйлер. Бүгінгі таңға дейін құрылыс бөлімінің жауапкершілігіндегі 27 тұрғын үйдің 2-уі арендалық-коммуналдық бағдарламамен пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ, 2 жатақхананың құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жас отбасыларға арналған 1 тұрғын үйді тапсыруды көздеп отырмыз.

– Демек, тұрғын үй құрылысы алдағы жылы биылғыдан да қарқынды дамиды екен ғой. Инженерлік-инфрақұрылым жүйелері туралы айттыңыз. Шымқаланың қай жерлері көркейді?

– 2016 жылға жоспарланған мемлекеттік бюджет есебінен 12 инженерлік жүйелердің құрылысы жүргізілуде. Бұл тізімді әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлердің құрылымы бастап тұр. Одан кейін ӘІО инженерлік-инфрақұрылым жүйесінің құрылысы нәтиже берді. Ұзындығы 3,3 шақырым Көктем көшесінің құрылысы жүрді. Осыған ұқсас жол салу, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жұмыстары «Тұран» шағынауданында да жалғасын тапты. «Тұран» шағынауданындағы «Адия» тұрғын үй кешеніне, «Асар» шағынауданындағы бес қабатты 30 үйдің, Қаратау ауданындағы 192 учаскедегі көпқабатты және Төлеметов көшесі бойындағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет тарту, абаттандыру, инженерлік жүйелерімен қамтамасыз етуде қалалық құрылыс бөлімі қызу жұмыс істеді. Аталған шағынаудандар бүгінде тазалығымен, жайлылығымен, таза көшелерімен, сапалы жарығымен көз тартады.
2016 жылдың соңына дейін 3 инженерлік-инфрақұрылымдардың құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыратын боламыз.

21

– Тақырыпты әлеуметтік нысандардың құрылысына бұрсақ. Халық қоныс тепкен аймақта мектеп, балабақша, басқа да қызметтерге сұраныс туындайтыны заңдылық. Шымкент қаласындағы 18 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр ма?

– Біздің міндет – бөлінген қаражатты жоспарлы түрде игеру. Соған сай 18 әлеуметтік нысанның 11-інің құрылысы 2015 жылы басталған. Олар – 8 мектеп, 1 балабақша, 1 спорт нысаны және Бадам өзенінің абаттандыру жұмыстары. Бұдан бөлек, 6 мектеп, 1 спорт нысанының құрылысы 2016 жылы бастау алды. Аталған 18 нысанның 7-уі «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ұлттық қор есебінен қаржыландырылды. Бұл тізімдегі 2 мектептің құрылысын жаңа оқу жылы қарсаңында аяқтадық. Бүгінде «Сайрам» тұрғын алабына қарасты №66
М.Мамедова атындағы және Тассай тұрғын алабындағы №91 жалпы орта мектебінің жаңа ғимараты оқушыларға қызмет етуде. Ал қалған 5 әлеуметтік нысанның құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталуы тиіс. Олар – «Достық», «Сәуле», «Қайнар бұлақ» шағынаудандарындағы 1200 орындық және «Жаңаталап» тұрғын алабындағы 600 орындық жаңа мектептердің және «Қайтпас-2» шағынауданындағы №59 жалпы орта мектептің қосымша ғимараты.
Қалған 11 әлеуметтік нысанның құрылысы облыс және қала бюджеті есебінен қаржыландырылды. Бұл жоспардағы 5 құрылыс нысаны пайдалануға тапсырылып, жоспар бойынша 6-уы 2017 жылға өтті. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы №53 мектепті қайта құру, «Ынтымақ» шағынауданындағы 900 орындық мектеп, «Қаратөбе» тұрғын алабындағы 600 орындық орта мектеп, «Сайрам» тұрғын үй алқабындағы №37 А ғимаратын №12 балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебі етіп қайта кұру және Оспанов көшесінде орналасқан №61 ғимаратты балабақша етіп қайта құру құрылысы.
Құрылыс жұмыстары 2017 жылға өтпелі 6 әлеуметтік нысан қатарында әкімшілік-іскерлік орталығынан салынып жатқан 1200 орындық жаңа мектеп бар. Сондай-ақ, «Жұлдыз» тұрғын үй алабындағы 300 орындық мектеп, «Қарасу» тұрғын үй алабында орналасқан №27 орта мектептің оқу корпустарының құрылысы, №34 мектепті қайта құру, «Теріскей» шағынауданындағы бокстан №5-ші балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы және Бадам өзенің абаттандыру жұмыстарының келесі кезеңі 2017 жылы жалғасады.

10

– Әне-міне дегенше жаңа жыл басталғалы тұр. «Жаңа жыл» деген «жаңа жоба», «жаңа жоспарлар» екені анық. Келер жылдың еншісінде елді қуантатын нендей жаңалығыңыз бар?

– Біздің жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бөлімде 66 нысанға жобалау-сметалық құжаттама дайындау жұмыстары жүргізілуде. Оның 28 нысанның жобалық-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтті. Онда балабақша, мектеп, тұрғын үй, мәдениет және спорттық нысандар қамтылған. Сондай-ақ, келесі жылы Абай және Еңбекші аудандарының әкімшілік ғимаратының құрылыс жұмыстары басталатын болады. Әкімшілік-іскерлік орталығы мен «Нұртас» шағынауданының арасында орналасқан үлкен сай-саланың тағдыры көптен бері талқыға түскен еді. Қуанышты жаңалықтың бірі де осы, аталған аумақта 2017 жылы әдемі саябақ орналасады. Әзірге саябақтың жобасы дайын және облыс, қала басшылары тарапынан қолдау тауып отыр.

1 1

– Шынында да жақсы жаңалық екен! «Шымкент келбеті» газетінің оқырмандарына айтарыңыз бар ма?

– Газет оқырмандарын және қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. 2017 жылы ойға алған армандарыңыз орындалсын. Әр отбасына құт-береке, мол ырыс-несібе тілеймін.

– Шаһарымыздың гүлденуіне еңбек етіп жүрген ұжымға табыс тілейміз. Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Ақмарал Молдиярқызы

Опубликовано в Сұхбат
Среда, 26 Октябрь 2016 05:22

Жаңа мектептердің саны артады

Өңір басшысы Ж. Түймебаев «Ақжайық» шағынауданындағы №59 жалпы орта мектебінің қосымша құрылысын аралап көрді. 600 орындық білім ошағы жоспар бойынша 2017 жылы пайдалануға беріледі. Мұнан соң, Жансейіт Қансейітұлы бастаған жұмысшы топ «Қайнар-бұлақ» саяжайындағы 1200 орындық мектептің құрылысымен танысты.

98d51cbc-646e-4784-9a8f-14eac758a778

Нысанның сапасын қадағалаған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын мерзімінде аяқтап, онда қолданылатын құрылыс заттарының баланың денсаулығына зиянсыз болуы қажеттігін ескертті. Сонымен бірге, әкім өңірімізде әлеуметтік нысандарды салу жұмыстарына кәсіпкерлерді көптеп тартып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту керектігіне тоқталды. Жекеменшік ғимараттары бар азаматтарға «Балапан» бағдарламасының екінші деңгейі бойынша шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік жасау керектігін айтты. 

Айта кету керек, облыс бойынша 63 мектептің іргетасы қалануда. Оның 37-і бүгінгі күнге дейін пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы да бірқатар нысандар ел игіліне тапсырылады деп күтілуде. Нысандардың басым бөлігі, Сайрам, Шымкент, Мақтарал және Қазығұрт аудандарынан бой көтеруде. Ал «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында бес мектептің құрылысы жүруде. Оның төртеуі 1200 орындық білім ошағы болса, біреуі 600 балаға шақталған жалпы мектеп.

Опубликовано в Қала

Өткен аптада Мемлекет басшысы төрағалық еткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

DSC 8121Елбасы отырыста атап өткендей, бүгінде мемлекет алдында тұрған негізгі міндет – халықтың тұрмыс деңгейін көтеру. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдай қосымша нақты шаралар қабылдауды талап етіп отырғанын баса айтып, алдағы кезеңдегі бағыттар бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. 

– Үкімет бүгінде шағын несие беру аясын одан әрі кеңейту жөнінде шаралар қабылдауға тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың 60%-ы ауылда тұрады. Осыған байланысты, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында біз 5 өңірде пилоттық режімде «Ауылда жұмыспен қамту» атты жаңа жобаны іске асыруды қолға алдық. Оған 10 миллиард теңге бөлінді, – деді Елбасы. 

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, жыл соңында мемлекеттік қазына 830 миллиард теңге қосымша кіріспен толығады. Бұл биылдың өзінде дағдарысқа қарсы жоспардан және ағымдағы проблемаларды шешуден стратегиялық даму міндеттерін орындауға көшуге мүмкіндік береді. 

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй мәселесіне арнайы тоқталды. Былтыр республикада 9 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысының көлемі 2016 жыл қорытындысында 10 миллион шаршы метрден асады деп болжануда. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін орындау үшін 2005 жылдан бері тиісті мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Дегенмен, көпшіліктің тұрғын үйге мұқтаждығы әлі де жоғары. Жұртты тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін орындау ісі кешенді жаңа шараларды талап етеді. Мемлекет басшысы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасының қолға алынатынын мәлімдеді. Аталған бағдарлама аясында бос жатқан жерлерге инженерлік коммуникацияларды тартып, жеке үй салу үшін 10 сотық жер учаскелерін беру көзделіп отыр.

– Біз аталған мәселені шешудің жаңа жолын ұсына аламыз. Осыған орай, Үкіметке тұрғын үй құрылысы бойынша «Нұрлы жер» атты бірыңғай бағдарламаны әзірлеуді тапсырамын. Оған қазіргі бағдарламалардың тетіктерін (ипотека, жалға алу, тұрғын үй жинақтары) енгізу керек. Жаңа бағдарламада жеке тұрғын үй салуға басымдық беру керек, – деді Н.Назарбаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, әрбір азаматқа 10 сотық жер тиесілі. Алайда ол жерді беру үшін инженерлік коммуникациялар болуы шарт. Ондай жерге жарық, электр энергия мен су құбырлары тартылуы қажет. «Сондықтан алдымен инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымды жасап беру керек. Сол кезде жеке үйді салатындардың шығындары азаяды. Демек, біз жеке баспанаға кететін шығындардың 30 пайызын өз мойнымызға алып отырмыз», – деді Президент.
Мемлекет басшысы отырысты қорытындылай келіп, айтылған міндеттерді орындау үшін Үкіметке биылғы республикалық бюджетті нақтылауды тапсырды.

Опубликовано в Саясат
Страница 1 из 2