Инфрақұрылым шешілген, дегенмен... Избранное

Среда, 22 Январь 2020 04:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2166 раз

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданы әкімінің қорытынды есебі өтті. Қалалық жастар ресурстық орталығында өткен есепті жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Б.Батаев, Шымкент қалалық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары және аудан тұрғындары қатысты.

әл-фараби әкім

Ғабит Мәуленқұлов қорытынды есебінде ауданда әлеуметтік көмек алған 2249 отбасы өз кәсібін ашқанын баяндады. Оның ішінде 760 отбасы тігін цехын ашса, 550-і кондитерлік өнім шығаруда, ал 743 отбасы мал шаруашылығымен айналысып, 128-і сұлулық салонының жұмысын дөңгелетуде, ал 68 отбасы ағаш өңдейтін цех пен егін шаруашылығымен айналысып келеді.

2019 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов үй басқарушыларымен ай сайын жиын өтіп тұратынын жəне аптаның əр күні таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында тұрғындарды қабылдау жүйеге қойылғанын айтты. Өткен жылғы жоспар аясында аудан аумағындағы бірқатар жұмыс толық орындалса, үйлердің ауласына ойын алаңшалары мен спорттық сауықтыру элементтерін орнату жоспары орындалған.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданында 218 865 тұрғын, 14 елдімекен бар. Қала орталығында орналасқандықтан, мұнда халыққа күнделікті қажет инфрақұрылым мәселесі шешілген деуге болады. Дегенмен, кездесуге келген тұрғындар аудан әкіміне қала ішіндегі көлік қозғалысы, ретсіз сауда, ойын алаңшаларының жоғы, автотұрақтардың талаптарға сай емес екені жайлы айтып, кемшіліктерді жолға қоюды өтінді.

Айта кетейік, биыл қаладағы әр ауданға 1 миллиард теңгеден бөлініп отыр. Өзекті мәселелер енді кезең-кезеңімен өз деңгейінде атқарылады.

әл фараби фото

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.